Қытай деректерінде «түрік» термині алғаш рет келтірілген.
551жыл
Түрік қанатының қалыптасуы
VI ғасыр
Этонгенездің ерте кезеңі көрсетілген алғашқы түркі фолклорының ескерткіштері
561-563 жылдар
Түріктер Иарндықтармен эфталиттерге қарсы одақ жасады.
568 жыл
Түрік Одағы Византиямен Иранға қарсы одақ жасады.
603 жыл
Түрік қағанатының құлауы, Батыс Түрік қанатының құрылуы.
656 жыл
Қытайлардың Жетісуға басып кіруі.
699-704 жыл
Түргеш қағанатының құрылуы.
751 жыл
Талас шайқасы (араб және қытай әскерлері, қарлұқтар арабтар жағында соғысады).
756 жыл
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы (қарлұқ- хрестияндық митрополия)
VIII ғасыр
Қыпшақтар туралы айтылуы
870-950 жылдар
Әль-Фараби
ІХ-ХІ ғасырлар
Қимақтар мемлекеті
Х-ХІ ғасырлар
Қыпшақтар мемлекетінің гүлдену кезеңі(даму кезеңі).
940 жыл
Қарахан мемлекетінің қалыптасуы.
955-960 жылдар
Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдауы
1007 жыл
Наймандар мен керейлердің хрестиян дінін қабылдауы.
ХІ ғасыр
Махмұт Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы.
1219 жыл
Монғол шапқыншылығының басталуы.
12.Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қарахандықтар. Саудаэкономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Дамыған ортағасырлық мемлекеттер (X-XIII ғғ.).
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан мемлекетінің құрылуы. Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды. Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған. Х ғасырдың ортасында Шығыс Түркістан, Жетісу өңірінде Қарахан мемлекеті болды. Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұх Бограхан (915-955 ж.ж.) 942 жылы Баласағұн билеушісін құлатып, ислам дінін және Арслан Қарахан жәрежесін қабылдайды. Осыдан бастап оның әулеті Қарахандықтар деп атала бастады.
Х ғ. аяғында қарахандықтар Орта Азиядағы саманилер иелігі мен Бұхарды жаулап алады. Солтүстіктегі қарахандықтар мен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік шығыста қархандықтар иелігі Балхаш пен Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар ұйғырлармен шекаралас болды. 1004-1005 ж.ж. ұзақ қиян кескі соғыстардан кейін Мәуреннахр жерін де өзіне қосып алады. Қарахан мемлекеті көптеген жер үлестерінен тұрды. Ол жерлер жоғарғы қағанға қарағанымен, олардың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды.
XI ғ. 30-жылдарында осы қақтығыстардың нәтижесінде мемлекет екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістан Шығыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы әуелі Үзкент, кейін Самарканд қаласы болды. Жоғарғы билеуші Арслан Қарахан дәрежесімен Шығыс қарахан қағанатын, ал екінші қаған Богра Қарахан өзінше жеке билік етті. Территориясы көптеген еншіліктерге бөлінді. Ілек пен тегін дәрежесіндегі еншілік иелерінің құқықтары үлкен болды. Олар көрші мемлекеттермен келіссөздер жүргізе алатын, өз атымен теңгелер шығаратын. Билік мұрагерлік жолмен емес, ағасынан інісіне «сатылық жүйе» арқылы жүзеге асырылды.
Х ғасырдың ортасынан Арслан Қарахан мен Богра Қарахан әулеттерінің арасында алауыздық, күшейіп билік үшін күрес басталды. Бұл соғыстар Қарахан мемлкетін әлсіретеді. Осы жағдайды пайдаланып Батыс Қарахан мемлкетіне селжұқтар шабул жасап, Самарқанд қаласын басып алады. Ал Шығыс Қарахан қағанатына қайта-қайта қарақытайлар шабул жасап, қауіп төндіреді. XII ғ. бірінші жартысында қарақытайлар Шығыс Қарахан қағанатын 1141 ж. Батыс Қарахан қағанатын жаулап алады.