1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


жылы Алтын Орда – ұлы мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толды



бет33/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

2019 жылы Алтын Орда – ұлы мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толды. 1269 жылы Талас құрылтайында Шыңғыс хан (Шыңғысхан) ұрпақтары жиналып, үш ұлыстың билеушілері билік жүргізетін салаларды өзара бөліске салды және олар көшпенді билігі қалалар мен отырықшы елді-мекендерді қиратпайтындығына ант берісті. Айта кетсек, бұл ант бұрын да болған. Осы күннен бастап Монгол империясының негізін қалаған Шыңғыс ханның үлкен ұлының атымен аталған Жошы Ұлысы жеке мемлекет мәртебесіне ие болды.
Монгол империясы құрамындағы Жошы Ұлысы (1206-1269)
Жошы Ұлысының алғашқы биеушісі Шыңғыс ханның үлкен ұлы болды. 1206 жылы Шыңғыс хан құрылтай жасап Монгол империясын құрды. Осы құрылтайда Шыңғыс хан өзінің ұлы Жошыға 9 мың отбасы тұратын ұлысты бөліп, билеуге береді. Осыдан кейін бір жылдан кейін Жошы қырғыздар мен Сібір ормандарында мекен ететін басқа да тайпаларға жорық жасап, оларды Ұлыс құрамына кіргізеді. Жошы Ұлысы Монгол империясы Батысқа қарай кеңейе бастағанға дейін шағын аумақта болды.
1225 жылы Шыңғыс хан армиясы Қазақстан мен Орталық Азияның барлық территориясын басып алғаннан кейін Ұлыстарды қайта бөлу жүргізілді және Жошы Ұлысының шекарасы ұлғайды. Ал Жошы қыпшақтардың билеушісі болды. Ұлыстың жаңа шекарасы Қазақстанның барлық территориясын, сондай-ақ қазіргі Түркіменстанның жекелеген аумағын және Өзбексанның аз бөлігін (Хорезм және Аралмаңы территориясын) қамтыды. Шошы Ұлысының шекарасы шығыста Қойлық қаласынан (қазіргі Талдықорған маңы) басталып батыста Саксин қаласы (қазіргі Астрахан маңы) аяқталды.
1227 жылы Жошы қайтыс болып, оның орнына Жошының ұлдары Бату мен Орда Эджен тең билеуші болып қалды. Бату Ұлыстың батыс бөлігіне, ал Орда Эджен шығыс бөлігіне билік жүргізді.
1235 жылы ұлы Батыс жорығы басталды. Бұл жорықтың негізгі мақсаты - Еуразияның батыс бөлігін жаулап алу және Батыс Еуропа мемлекеттерін бағындыру туралы «Шыңғыс ханның өсиетін» жүзеге асыру. Шыңғыс хан әскерлерінің Батыс Еуропаны жаулап алу жорығы 1242 жылы Үгедей ханның қайтыс болуына байланысты аяқталды. Үгедейдің негізгі мұрагерінің бірі Күйік пен Батудың ара қатынасы өте нашар болды.
Бату ол кезде Шығыс Еуропа территориясының басым бөлігіне өзінің билігіне бағындырып, көптеген жергілікті халық оған бағынды. Бату Күйікпен әскери қақтығыстан қауіптеніп, екінші жағынан ыңғайлы болғаннан кейін өзінің Ұлысын Еділ өзенінің жағасына орналастырды. Өзен жағасында жаңа қала құрылысы жүріп, ол Сарай деген атауға ие болды. Бату Жошы ұлысының әкімшілік-территориялық құрылымына реформалар жасау керектігін айтты. Батыс жорығынан кейін Бату Жошы ұлысының әкімшілік-территориялық құрылымында Батыс жорығында жаулап алынған аумаққа билік жүргізумен байланысты бірқатар реформа жасады.
Осы кезде Монгол империясында Күйік пен Бату арасында азаматтық соғыс басталардың дәл алдында тұрды. Алайда Күйіктің қайтыс болуы, Батуды империядағы ең мықты саяси ойыншы ете түсті. Ол таққа өзінің немере ағасының баласы әрі досы Меңгуді отырғызды.
Бату (хан титутын иемденбеген) жоғарыдағы Монгол хандығына формальды бағынса , оның беделі бәрінен биік болды. Ол өз Ұлысының жеке билеушісі ғана болып қоймайғ көршілес Ұлыстарға да оның ықпалы тиетін. 1255 жылы Бату қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Сартақа Монгол империясының орталығына толық бағынышты болды. Жошы Ұлысының тағына отырған жас бала Улақшы орталық билік үшін өте ыңғайлы еді.
1259 жылы Меңгу хан мен Улақшының бір уақытта қайтыс болуы Жошы Ұлысын алғаш рет қатты саяси дағдарысқа ұшыратты. Нәтижесінде билік Ұлыс басқарушысы Беркеге өтті, алайда ол хан титулын алған жоқ. (шамамен 1261-1266 жылдар).
1262 жылы Монгол империясында азаматтық соғыс басталады. Беркенің немере ағасының баласы Хулагу Алтын Ордаға шабуыл жасайды. Русьтар Берке билігіне қарсы шығады. Берке Хулагудың әсеріне қарсы тұру үшін жеткіншектерді әскерге дайындайды. Берке өзінің геосаяси тұрғыдан «жалғыз» екенін сезініп, 1263 жылы Мысырмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. 1264 жылы Арғы Бұғы жеңілгеннен кейін Берке Багдат халифы атынан монета шығырып, өзін Құбылайдан тәуелсіз етіп көрсеткісі келеді.
Осылайша Жошы Ұлысы Беркенің 1269 жылы Талас құрылтайында Монгол империясының ресми құлауына күш салуымен 1263-1264 жылдары Монгол империясынан тәуелсіздік алды.
1266 жылы Берке қайтыс болады оның орнына немересі Меңгу-Тимур хан болады. Ол хан титулын иемденіп және өз атынан монеталар шығара бастайды, сондай-ақ Жошы Ұлысын 1269 Монгол империясынан тәуелсіз етіп жариялауға дайындайды.
Жошы Ұлысының алғашқы ханы Батудың немересі Меңгу-Тимур болды. Түркі халқы оны Келек хан деп атады. Ол Берке тірі болған кезде заңды тақ мұрагері болып саналды. Таққа отырған Меңгу-Тимур хан тутулына ие болып (бұған дейін Жошы Ұлысының билеушілері мұндай титулды ешкім алмаған) өз атынан жеке жапсырмалар мен монеталар соғып шығара бастады, бұл тәуелсіз мемлекет билеушісінің белгісін көрсетті. Оның билік құру кезеңінен бастап жошылық монеталар Алтын Орда билеушісінің жаңа титулы – «ұлық хан» және «Бату ұрпақтарының (босағасының) таңбасы» атауларымен шыға бастады, бұл мемлекеттің тәуелсіздігін көрсетті.
1269 жылы өткен Талас құрылтайынан кейін Жошы Ұлысын бұрынғы «бауырлас» ұлыстар тәуелсіз мемлекет деп таныды. 1269 жылы тәуелсіздікке ресми қолжеткізген Жошы Ұлысында реформалар жүріп, экономика өсе бастады.
Меңгу-Тимур таққа отырғаннан кейін бірден бүлікшілерге қарсы жорық жасады. Меңгу-Тимур хан тұсында Жошы Ұлысының барлық территориясы бойынша билік нығайды. Осы себептен Алтын Орда экономикасының дамуы жаңа қарқын алды. Халықаралық сауда-саттық өсіп, жаңа қалалар салына бастады, ескі орталық қалпына келтіріліп, Қырымда генуэзстік сауда факторлары пайда болды.
Талап құрылтайындағы 1269 жылғы келісім бойынша үш ұлыстың билеушілері өздерінің көшпенді билігі бұрынғыдай жаулап алынған қалалар мен отырықшы елдімекендерді жойып жібермеуге тағы да ант берісті. 1268 жылы Жошы Ұлысы мен Мысыр арасында дипломатиялық қарым-қатынас нығайды. Меңгу-Тимур 1270 жылы Мысырдың мәмүлік сұлтандарының ильхан титулын алу талаптарын заңды деп мойындады.
1275 жылы Меңгу-Тимур хан вассальды және ұлысқа бағынатын территорияда салық алу көрсеткішін анықтау үшін Жошы Ұлысында, оның ішінде орыс княздығында халық санағын өткізді.
Меңгу-Тимур билігі тұсында оң қанаттағы Жошының шөбересі Ноғай билігі күшейді. Оның генеалогиясы былай айтылады: Ноғай, Татар ұлы, Бувала ұлы, Жошы ұлы. 1277 жылдың қысында Меңгу-Тимур хан орыс әскерлерін жинап Кавказ тауларында мекен ететін алан мен черкестарды жаулап алды. Меңгу-Тимур билік еткен кезеңді Жошы Ұлысының (Алтын Орда) тәуелсіз дәуірінің басы деп айтуға толық негіз бар. Меңгу-Тимур хан 1282 өңешінде жарадан көз жұмды.
Меңгу-Тимур хан көз жұмғаннан кейін, орталық биліктің ықпалы әлсіреп таққа оның кіші інісі Туда-Меңгу отырды. Туда-Меңгудің билікке келуіне Ноғай мен Берке мен Меңгу-Тимурдың жесірі Жиджек қатын қатты ықпал етті.
Туда-Меңгу мұсылман дінін қабылдаған және өзін суфии деп атады. Мысыр сұлтандары бұл фактіні қуанышпен қабылдап, 1284 жылдың наурызында Туда-Меңгудің таққа отыруына байланысты мысыр сұлтандары құттықтау мен көптеген сыйлық жіберді. Туда-Меңгу билігі кезінде Алтын Орданың элитасының ислам дінін қабылдау процесі қарқын алды.
Кейбір деректерге қарағанда, Туда-Меңгу тақтан өз бетімен бас тартқан. Осыдан кейін Жошы Ұлысының билігіне жошылықтардың жаңа толқыны келді. Бір мезетте Туда-Меңгу ханның ағасы Тарбудың ұлдары Тула-Бука және оның туған бауыры Көншек және Меңгу-Тимурдың ұлдары Алгу мен Тогрул хан болып, билік жүргізді.
1291 жылы олар Ноғай мен Тоқты (Меңгу-Тимурдың ұлы) коалициясын құлатты. Тоқты таққа отырғаннан кейін бұған дейін жүргізілген саясатты жалғастырды және православ шіркеуінің артықшылығын мойындады және оларды алым-салықтан босатты. Ал Тоқтының өзі нағашы , атасы мен әжесі, нағашы ағасы сияқты буддизм дінін ұстанды. Ал Ноғай мұсалман дінін қабылдады. Діндердің қайшылығы басында проблема болған жоқ. Кейін уақыт өте келе Ноғай мен Тоқты келісімге келе алмай, азаматтық соғыс басталды.
1299 жылы Тоқты Ноғай билігін жауап алуға аттанды. Шешуші шайқас Днепр өзенінің бойындағы Ноғайдың ескі кигізүйі орналасқан Қоқанылық елді мекенінде болды. Шайқан күні бойына жалғансып, Ноғай жеңіліп қалды. Шау тартқан Ноғай тағдырына бой ұсынып, қарапайып сарбаздың қолынан қаза тапты. Осы жеңістен кейін Тоқты елордаға оралды.
Тоқты билік құрған соңғы жылдары ұлыстағы элитаны өзінің бақылауына алды. Жошы Ұлысында орталықтан басқару нығайып, саяси тұрақтылық пен тәртіп орнады. Кейінгі ұрпақтарға қалған аңыздардың бірінде «Тоқты билік еткен кезеңде Ұлыстағы барлық халық ауқатты әрі бақытты өмір сүрді» деп жазылған. Тоқты билік құрған соңғы жылдары оның сенімді серіктерінің бірі әрі бауыры Бурлық қайтыс болады, ал Тоқта қайтыс болардан бір жыл бұрын ханның ұлы және мұрагері Ілбасар көз жұмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет