1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет50/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

Этимологиясы
«Жоңғар» сөзінің этимологиясы моңғолдың «jegün (züün)» («солға» немесе «шығыс») «γar» («қол» немесе «қанат») деген сөздерінен шыққан. Жалпы, өлкенің аты осыдан шыққан. Жоңғарлар халха моңғолдардан батысқа қарай орналасса да, олардың атауының шығуы олардың ойраттардың сол қанаты болуымен байланысты. XVII ғасырдың басында билеушісі хошут тайпасының көсемі Гуши хан болды. Гуши хан буддистік гелуг ағымы өкілдерінің пайдасына Цангпа ханды жеңі мақсатында Тибетке басып кірмекші болады. Осы үшін ол ойраттардың әскерін сол және оң қанатқа бөлді. Хошут пен Торғыт тайпаларынан тұратын Оң қанат Тибет қалады, ал Чорос пен Хойты тайпаларынан тұратын Сол қанат солтүстікке Қашқар жазығына қарай шегінеді. Сол кезден бастап Чорос империяы сол қол қанат, яғни Зуунгар деп атала бастайды.
Шығу тегі
Ойраттар XIII ғасырдың басында қазіргі Тува жерінен келген. Олардың көсемі Құдықа бек 1208 жылы Шыңғыс ханға ант береді, ал оның әулеті Шыңғыс ұрпағының төрт атасымен де араласып кетеді. 1260-1264 жж Құбылай мен оның інісі Арық бұға арасындағы тақ таласына байланысты туған соғыс кезінде ойрат тайпалары (Чорос, Торғыт, Дербеті және Хойты) Арық бұға жағына шығады, сол себепті де олар ешқашан Құбылайдың билігін мойындамайды. Юань империясы құлағаннан кейін ойраттар Солтүстік Юаньнің тағына таласқан Дзоригту ханның ұрпақтарын қолдайды. 1455 жылы Есен тайшы өлгенге дейін Солтүстік Юань хандары ойраттарға тәуелді болады да, халха моңғолдардың өктемдігінен батысқа көшуге мәжбүр болады. 1620 жылы Чорос пен Торғыт тайпаларының көсемдері Хара Хула мен Мерген Темене алтын хан атағының тұңғыш иегері Шолой Убашиға шабуыл жасайды. Шабуыл сәтсіз болып, олар жеңіледі. Шолой Убаши мен ойраттар арасындағы соғыс Убаши өлгенге дейін, 1623 жылға дейін созылады. 1625 жылы хошуттардың көсемі Чойкур мен оның анадан бір туған бауыры Байбағас арасында таққа талас туады. Байбағас шайқаста қаза табады. Алайда, 1630 жылы оның інілері Гуши хан мен Кенделен Убаши ағасының кегін қайтарып, Чойкурды Есіл өзенінен Тобыл өзеніне дейін қуып отырып, тайпаластарына шабуылдап, ақыры жойып жібереді. Ойраттар арасындағы алауыздық торғыттар көсемі Хо-Урлюкты батысқа көшуге мәжбүрлейді. Ол жақта олар Ноғай Ордасымен қақтығысқа түсіп, жеңіп шығады. Торғыттар Қалмақ хандығын құрады, бірақ ойраттармен арадағы қатынасты үзбейді. 1632 жылы Цинхайда Цогто тайшы «Сары дін» деген атпен белгілі Гелуг мектебін құлатады, сол себепті олар Гуши ханнан көмек сұрайды. 1636 жылы Гуши 10 мың әскерімен Цинхайға басып кіреді, ақырында 30 мың әскері бар Цогто тайшы жеңіледі. Бұдан соң Гуши Орталық Тибетке келіп, сол жерде оған Далай Лама V «Данзин-Чогьял» (Заңдар патшасы және діннің тірегі) атағын береді. Осыдан соң ол өзін Шыңғыс ұрпағынан тарамаған тұңғыш хан деп жариялап, ойраттарға Тибетті жаулап алуға үндеу салып, Хошут хандығын құрайды. Бұлардың ішінде Қоңтайшы атағын алған Хара Хуланың ұлы Эрдени Батырда болды, Амин Дар ханның қызына үйленген оны Тарбағатай тауларының оңтүстігінен Емел өзенінің жоғарғы түсында Жоңғар хандығын құру үшін кері қайтарады. Батыр Далай Лама берген Эрдени атағымен және мол олжамен Жоңғарияға оралады. Ол билік басында отырған жылдары қазақтарға қарсы үш жорық жасаған. Жоңғарлармен болған қақтығыстар қазақтың «Елім-ай» жырында терең сипатталады. Қазақтардан басқа, 1643 жылы, Орта Азияға тереңдей енген жоңғарлар қырғыз, тәжік, өзбектерге қарсы соғыс ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет