Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қазақстанда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIII ғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген.
Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.
XVIIІ ғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар-жырау Тауке-хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІ ғ.аяғы мен ХІХ ғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара Сарыкөл жерінде (қазіргі Қостанай обл.) дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.
Жазба әдебиеті. Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. XV-XVIII ғғ. қазақтар арасында “Қысас ал-анабия”, “Бадуаш”, “Суфи Аллаяр”, “Кесік-Баги” және т.б. кітаптар тараған. Бұл шығармалар діни бағытта болған.
Бізге XVI-XVIIғ. жазылған тарихи шығармалар да жеткен. “Тарихи Рашиди” шығармасы Мағұлстанның және Қазақ хандығының тарихына арналған. Оның авторы — ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар. Оның “Жахан-наме” деген поэмасы бар.
Қазақтардың ең маңызды тарихи көркем шығармасы “Жәми ат-тауарих” оның авторы Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би болған жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы. 1587 ж. ол сұлтан Ораз-Мұхаммедпен бірге орыстардың қолына тұтқынға түсіп, Мәскеуде және Касимовта ұзақ уақыт тұрып, өз шығармасын жазды. Кітап XV-XVI ғғ. қазақ тарихына арналған. Мақал-мәтелдерге бай, шежіреден көп дерек береді. Кітап аңыздық ықпалы бар ежелгі қазақтың әдеби тілінде жазылған.
XVI ғ. Өтеміс-қажы “Шыңғыс-наме” деген тарихи еңбек жазған. Кітаптың маңыздылығы сол, онда XIV-XV ғғ. қазақтардың саяси құрылысы, хандары, Қазақ хандығының ұлықтары мен ұлыстарының шығуы және рулар мен тайпалар туралы мол мағлұматтар береді. Қазақтардың тарихи ауызша шежіре тарату дәстүрі қамтылған.