1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық Қазақ зиялыларының аштыққа қарсы күресі



бет109/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

55. Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық Қазақ зиялыларының аштыққа қарсы күресі.

Ашаршылықтың 3 кезеңі Жалпы Қазақстан тарихында ашаршылықтың 3 кезеңі болды.


Бірінші ашаршылық — 1916-1918 жыл. Бұған Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Ресейдегі азаматтық соғыстың басталуы, мал-мүлікті тәркілеу мен патша билігі жіберген жазалаушы армия басқыншылығы, сонымен қатар халық арасында таралған індет пен қатты суық және құрғақшылық себеп болды. Деректерге сүйенсек, бұл жұт салдарынан кемінде 1,5-2 миллион адам көз жұмған, ал 300 мыңнан 1 миллионға дейін адам босып кеткен.
Екінші ашаршылық — 1921-1922 жыл. Оның үш себебі бар. Алғашқысы — Азаматтық соғыс салдарынан қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауы. Екіншісі – 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылықтың ауыл шаруашылығына келтірген зияны. Үшіншісі — жұқпалы аурудың тарауы.
Үшінші ашаршылық — 1929-1933 жыл. Оның себебі – Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, сондай-ақ көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын тіршілік көзінен айырып, жаппай және күшпен отырықшыландыру науқаны. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл жылдары 2,4 миллион адам аштықтан қырылған. 1930-1931 жыл аралығында 1 миллион 70 мың адам Қытай, Иран және Ауғанға қоныс аударған. Оның 414 мыңы кейін елге оралған.
1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы – Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай және Адай уезі ашаршылыққа ұшырады.1920-1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша, 1921 жылғы қиын жағдайда Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекенде нәубет кесірінен халық түгелдей дерлік зардап шеккен, яғни не аштан өлген, не босып кеткен.
1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, Орынбор губерниясында – 437 776, Қостанай губерниясында – 252 816, Ақтөбе губерниясында – 359 326, Орал губерниясында – 277 835, Бөкей губерниясында – 100 мың, Адай уезінде – 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады.
ҚзОАК-нің Төрағасы С.Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында сол жылдың көктемінде алынған жартылай дерек бойынша Қазақстанда 2 832 000 адам аштық зардабын тартқаны жайлы айтылады.
Ашыққан адамдарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтың мәліметінше, сол жылдары 1 млн 700 мың адам аштықтан көз жұмған. Ал Қазақстан Тарих институтының директоры, тарихшы Бүркіт Аяғанның пікірінше, 1920 жылдардағы аштықтан өлгендер саны 2,3 миллион адамға жеткені жөнінде мәліметтер бар.
1921-1922 жылдары Өлкелік партия комитетінің БКП(б) Орталық комитетіне жолдаған ресми ақпараты бойынша, аштыққа ұшырағандардың саны 2 миллион 286 мың 591 адам болып, соның 68,2%-і, яғни 1,5 миллион жан өлген.
1921-1922 жылдардағы нәубет құрбандары санына қатысты деректерге келгенде тарихшылар мен зерттеушілер бір келісімге келген жоқ. Сол себепті орта есеппен 1919-1923 жыл аралығы шамамен 1,7-2,3 миллион адам қаза тапты, ал 2-2,5 миллион адам босып кетті деп шамалап айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет