1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы



бет108/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   153
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
54. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 81,1,
украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса,1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы -2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе - 0,8 млн-ға азайды.
Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн.басқа кеміді.Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз
құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.Бұл кезде Қазақстанда да Ресейлегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: патриархалдық. ұсақ тауарлық,капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік жӘне
социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.
Қазак ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза түрінде болған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе ұштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған еді.Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік
және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді.Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.
Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни «әскери коммунизм» саясатынан /салғырт кейде солай аталатын/ бас тартуға, жаңа экономикалық саясат көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.Бұл арада «әскери коммунизм» саясатының социализм
орнатуда неғұрлым тар түсінігі болғанын да айту кеспек.Ол азық-түлікті күштеп алу, ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды қоғамдастыру, сауда-саттыққа, рынокқа тыйым салу, ақша айналымын тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында
өкімет барынша орталықтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Көп адамдар мұндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептеді. Әрине «әскери коммунизм» социализмге жеткізетін шапа емес,
ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жана экономикалық саясатпен, төтенше жағдайда енгізілген салғыртты енді салықпен ауыстыру уақыт талабы еді.Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің
азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы “Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пүттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор,Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезеңдерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. Бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет