1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстандағы ұлттық үкіметтер



бет112/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153
Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет