1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстандағы ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы жетекшілерін ресми ақтау (1988). Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы (1980– 1990 жж.)



бет132/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

75.Қазақстандағы ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы жетекшілерін ресми ақтау (1988). Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы (1980– 1990 жж.).
1988жылдың 4қарашасы күні ҚазКСР Жоғары соттың қылмысты істер жөніндегі жиналысында Алашорда ұйымына қарсы іс қайта қаралды. Қылмысты іс «Кеңес өкіметінің қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан Алашорда қайраткерлерінің контрреволюциялық, астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісі» деп аталған болатын. Осы жолы қайта сот ісін қозғау – Алаш зиялыларының ақталуына алып келді. Бұл хабар ең әуелі осы зиялылалардың ұрпатарын қуантқан еді. Ең алғашқы Алаштануға деген зерттеулер 1919-1920жылдың өзінде ақ жарық көре бастаған, жарияланған мақалалардың бәрінде бұл ұйымның қаламгерлерінің басшысы ретінде Ахмет Байтұрсынов пен Сәкен Сейфуллин танылған. Сол кезде де, алаштанушыларға қарсы пікірде болып, зиялылардың бағыты дұрыс емес деп санағандар да болған. Алашорданың тарихын білмей, қаралаушылардың болғаны да өтірік емес. Қылмысты істің қайта қаралу кезінде ҚазКСР Жоғары сотының төрағасы-Т.К.Айтмұхамбетов, мүшелері - К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және бас прокурор - Ғ.Б.Елемесов қатысқан болатын. Осы тұста қлмысты іс туралы жиналған мәліметтер қайта қаралып, тергеушілердің тарапынан қателіктер мен бұрмалаушылықтар, заңсыздықтар орын алғаны анықталды. Нәтижесінде Құқықтық комиссияның төрағасы – Т.Жұртбай шешім шығарды және ол бойынша Алашорда зиялылары ешқандай кеңес үкіметіне қарсы насихат жүргізбегендігі расталды. Ақырында, Қазақ КСР конституциясының 375 бабы бойынша: «СССР Халық Комиссарлар Советінің жанындағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың 1930жылы 4сәуір және 1931жылы 13 қаңтардағы А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Есполов, Х.Ғаббасов, Д.Әділев, Ғ.Бірімжанов, М,Жұмабаев, Е.Омаров және тағы да басқа ұлт өкілдері жөніндегі шағырылған қаулының күші жойылсын, олар туралы іс-қимылдар тоқтатылсын»,- деген үкім шығарылған болатын.
Дәл осы 80жылдарындың соңында жүргізілген қоғамдық-саяси қозғалыстар жұмысшылардың бірлесуіне алып келді. Нәтижесінде, мақсаты бір болатын үлкенді-кішілі ұйымдар құрыла бастады. Олардың арасында саяси партияларда болды. Олардың қатарына:
1986 жылы болып өткен Желтоқсан оқиғасында сотталған адамдар өздерінің «Желтоқсан» партиясын құрды.
1989 жылы көктемде Олжас Сүлейменовтың бастамасымен «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыс – Қазақтандағы алғашқы және ауқымды қозғлыстардың бірі болды, олардың басты мақсаты әскери ведомстволардың ядролық қаруларды сынақтан өткізуін тоқтату болатын. Осындай экологиялық тазалықты қолдайтын қозғалыстардың бірі – «Арал проблемалары» комитеті. Мұхтар Шахановтың бастамасымен құрылған қозғалыс КСРО үкіметінің назарын аудару үшін көп еңбектенген болатын. Экологиялық қозғалыстар, кейіннен, Өскемен мен Алматыда да құрылды.
1989 жылы сәуір айында «Әділет» ерікті тарихи - ағартушылық қоғамы құрылды. Бұл ұйым заңсыздықтарға, кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа, құқық бұзушылықққа қарсы болатын әділ еріктілерден құрылды.
1990жылы шілдеде «Азат» қозғалысы құрылды. Қозғалыс – азаматтық сипатта болды және ең басты мақсаты – егемендікке қол жеткізу болатын. 1991жылы азаматтық қозғалыс саяси партияға айналды.
1990жылы тамызда ұлтаралық «Бірлік» ұйымы құрылды. Ұйым әртүрлі кәсіпорындардың ғылыми-техникалық интеллигенциясының өкілдерінен құрылды.
Құрылып жатқан партиялар саны көп болғанымен 1990 жылдары республикалық партия ұйымдарының саны 49мың коммунистке азайған болатын. Коммунисттер өз еркімен КОКП қатарынан шығып жатты. 1991жылы тамызда Н.Ә.Назарбаев КОКП ОК Саяси Бюросының құрамынан шығатынын жариялаған болатын. Кейіннен, қыркүйек айының 7де Алматыда өткен съездте Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Құрылған партия «Социалистік-демократиялық партия» деп аталды. Әрі бұған 1990жылы 12 нурызда өткен ІІІ кезектен тыс халық депутаттарының съезі болатын, бұл мәжілісте КСРО конституциясының 6-бабын жойылып, КОКП-ның қоғамдағы беделін төмендеген болатын.
1990жылы қарашада Қазақстанда 100ден астам партиялар болды, олардың барлығы дерлік саясат саласына ұмтылды. 10ден астам партияның 40-қа жуығы Алматыда орналасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет