1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы



бет133/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

76.Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы.
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
Тамыз төңкерісі - Михаил Горбачевті КСРО-ның президенті лауазымынан алып тастауға және 1991 жылғы 19 тамызда Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет өзі жасаған бағытын өзгертуге әрекет жасау.1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденциясы) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Дербес Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді. Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, оппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, КСРО ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примьер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төңкеріс. Қырымда демалып жатқан КСРО Президенті Михаил Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртүрлі болды.Қырғызстан, Украина өз аймақтарында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономикалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Мәскеудегі тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке ұшырады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», «Семей ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.Елдегі болып жатқан саяси үрдістер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.Саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы немесе КОКП (орыс. Коммунисти́ческая па́ртия Сове́тского Сою́за) – Кеңес Социалистік Республикалар Одағында билігін жүргізген саяси партия.1920 жылдардың басынан бастап 1990 жылдың наурыз айына дейін партия (әртүрлі атаулар - РК(б)П, БК(б)П, КОКП) біржақты жүйе бойынша жұмыс істеді және елдегі тоталитарлық автократиялық режимді құруға ықпал еткен саяси билікте монополиялық құқыққа ие болды. Бұл мәртебе конституциялық тұрғыда бекітілген: 1936 жылғы Конституцияның 126-бабында Коммунистік партия мемлекеттік және қоғамдық жұмыскерлердің «басқару орталығы» деп жарияланды, ал 1977 жылы қабылданған КСРО-ның Конституциясында КОКП кеңестік қоғамның басқарушы және бастаушы күші деп жарияланды. 1990 жылы партияның саяси билікке жүргізген конституциялық монополиясы жойылды, алайда КСРО Конституциясында КОКП, тіпті, жаңа редакциясында басқа саяси партиялар арасында да бөлек айтылды.1991 жылы 19-21 тамыздағы оқиғалар КОКП-ны антиконституциялық іс-әрекеттерге айыптауға негіз болды. РКФСР Президентінің 1991 жылғы 6 қарашадағы № 169 Жарлығымен КОКП және оның РКФСР КП республикалық ұйымы қызметін тоқтатты, ұйымдық құрылымдар таратылды, мүлік тәркіленді. Алайда, РФ-ның Конституциялық Соты 1992 жылғы 30 қарашада № 9-П сот бұйрығымен КОКП - РКФСР КП-ның бастапқы ұйымдарының қызметіне тыйым салуды конституциалық емес деп таниды. Іс-шаралар жалпыға бірдей ұйым мәртебесінің құлдырауына және жоғалуына байланысты тоқтатылды. КОКП-ға кіру үшін партияның екі мүшесінің ұсыныстары талап етілді (партия тәжірибесі кем дегенде бір жыл). Осы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейін бейпартиялық КОКП-ның кандидаттық мүшесі болатын және оған кандидаттық карточка берілетін.Талап етілген ұсыныстардың саны тарихи тұрғыда өзгереріп отырды, сонымен қатар (1920-1930 жж.) әлеуметтік үлеске байланысты (екі, үш, бес ұсыныс) болуы мүмкін еді. Кандидат тәжірибесінің мерзімі де өзгеруі мүмкін (бір жыл, екі, үш) еді.Барлық партия мүшелер және кандидаттар ай сайын партиялық жарна төлеуге міндетті болды. Мүшелік жарна төлеу туралы ескертулер партиялық билетте көрсетілетін.1917 жылы РК(б)П саны 350 мың адам болды. 1924 жылы Ленин қайтыс болғаннан кейін партияға жұмыскерлерді жаппай қабылдау («лениндік шақырту») өткізілді.1923 жылы партияда 386 мың адам, 1924 жылы 735 мың адам, 1927 жылы 1 236 мың адам, 1930 жылы 1 971 мың адам, 1934 жылы - 2 809 мың адам болды. Зерттеуші Н. Н. Маслов 1920-1929 жж. өнеркәсіпті соғысқа дейін қалпына келтіру есебінен жұмыс класының саны 5 есе өсті, бұл ең алдымен тапсызданған шаруа жастарына байланысты болды. 1927-1929 жж. әрбір жетінші жұмысшы оқи да, жаза да алмады.1937 жылы БК(б)П мүшелерінің саны 1 453 828 адам болды.Әлеуметтік құрылымына қарай, 1973 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша КОКП мүшелерінің 40,7% -ы зауыт жұмысшылары, 14,7% - ұжымдық фермерлер болды.Мемлекеттік идеология КОКП-ны еңбекші адамдардың партиясы екендігін сендіргендіктен, жаңа мүшелерді қабылдаған кезде, партия өз ұжымдарында қарапайым ұжымдық фермерлер мен зауыт жұмысшыларының белгілі бір пайызын сақтап қалуға тырысты.Партия санының көп болуына байланысты, партия мүшелерінің абсолюттік көпшілігі қарапайым коммунистерден тұрды.1990 жылдың наурыз айында КОКП ОК-тің пленумында КОКП-ның жаңа Жарғысын (соңғы тарихында) қабылдағанымен, жаңа мүшелерді қабылдау тәртібін жеңілдету үшін сол жылы КОКП-да 1 жылдық кандидаттық тәжірибені толық жойды. Барлық кандидаттар автоматты түрде партия мүшесі болып қабылданды. Себебі, осы уақытта партия зиялылардың КОКП-дан кету үрдісі байқалды. 1961 жылға дейін үміткердің кандидаттық тәжірибе 1-санат үшін 1 жыл (5 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар өнеркәсіпшілер) және 3 жыл болған өзге партиялардан шыққандардан қарағанда, басқаларына 2 жыл, ал 1961 жылдан бастап 1 жыл болған.1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша КОКП мүшелері мен кандидаттарының саны 16 516 066 мүшені құрады (КОКП-ны тіркеу кезінде КСРО-ның Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, олар жария болған).КОКП-ның ерекшелігі оның ұйымдастырушылық құрылымында. КОКП-ның құрамына КСРО-дағы он бес республиканың он төрт коммунистік партиясынан құралған болатын, ал республикалардың ішіндегі ең ірісі РКФСР өзінің коммунистік партиясы болмады, ал оның аумағындағы партия ұйымдары КОКП-ның бүкілодақтық органдарына бағынды. РКФСР коммунистік партиясы 1990 жылы ғана құрылды, бірақ тамыз төңкерісінен кейін ол РКФСР Президентінің жарлығымен тыйым салынды; 1993 жылы РФКП ретінде қалпына келтірілді. КОКП-ның 22-съезінде (1961, 17 – 31 қазан) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды, партияның үшінші бағдарламасы қабылданды. Онда елде коммунизм орнату үшін үш негізгі міндетті (коммунизмнің материалдық базасын жасау; жаңа адамды тәрбиелеу; коммунистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру) шешу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Партияны Н.С. Хрущев басқарған кезде (1953 – 64) елде саяси әулекілік етек алды, шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Сондықтан 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, орнына Л.И. Брежнев сайланды. КОКП-ның 23 – 27-съездері әр 5 жыл сайын өткізіліп тұрды. Оларда, негізінен, өткен бесжылдықтар қорытындылары шығарылып, жаңа бесжылдық жоспарлары бекітіліп отырды. Елде 20 ғ-дың 50-жылдарының орта тұсында орнаған кейбір демокр. өзгерістер шектеліп, партия өз ішінде тоқырауға ұшырай бастады. КСРО-да көппартиялықтың болмауы, КОКП-ның жеке билігі елде тоталитарлық жүйе қалыптастырды. Ел экономикасы тоқырауға ұшырап, кері кете бастады. Партия аппараты мен үкіметте реформа жүргізуге тырысушылар ревизионистер ретінде қудалауға ұшырады. Брежнев қайтыс болып, партия басшылығына 1982 ж. қарашада Ю.М. Андропов (1914 – 1984), 1984 ж. наурызда ол қайтыс болған соң К.У. Черненко (1911 – 1985), ол да 1985 жылы наурызда қайтыс болғаннан кейін М.С. Горбачев сайланды (қ. Горбачев М.С.). 1985 жылы сәуір пленумынан басталған елдегі өзгерістер КОКП мүшелеріне де қатты әсер етті. Көптеген КОКП мүшелері партия ішінде реформалар жүргізуді талап етті. Халық арасында компартияның жетекшілік рөліне қарсы қозғалыстар күшейіп кетті. Одақтас республикалардың компартиялары 1989 жылдан бастап, КОКП-дан бөлініп шығуды қолға алды. Осыған байланысты партия басшылығындағы кертартпа күштер 1991 ж. Мәскеуде тамыз бүлігін ұйымдастырды. Бүлік басылғаннан кейін көп ұзамай Ресей Президенті Б.Ельцин өзінің жарлығымен КОКП-ға тыйым салды. КОКП биліктен кеткеннен кейін көп ұзамай 1991 ж. 8 желтоқсанда Кеңес Одағы тарап кетті. Қазіргі кезде Ресейде бірнеше партия өздерін КОКП-ның мұрагерлеріміз деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет