1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


«Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның маңызы



бет129/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

73.«Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның маңызы.
Тіл – ең ұлы қару. Қай уақытта болмасын ұлттық идеяның басты діңгегі мен мемлекеттік саяси идеологияның негізгі іргетасы «тіл» болып саналады. Әлемдегі кез келген елдің бірлігін сақтап, халықты ұйыстырып отыратын да «тіл». Көптеген дамыған елдер саясатта «тілдің» бұл басымдығын ескеріп, барынша тіл мәселесін шешіп алуға тырысады. Қазақстандағы саяси партиялар да тілдің бұл құдіретін өздеріне пайдаланып, қолдарынан келгенше тіл саясатынан ұпай жинауға тырысып бағуда. Партиялардың барлығында да мемлекеттік тілді дамытуға, оны қолдауға арналған бағдарламалар бар. 
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады.
Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді.
Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды.
Елімізді ХХ ғасырда жетпіс жыл бойы билеген әкімшіл-әміршіл жүйенің ұстанған ұлт саясаты республикамызды мекендеген халықтардың табиғи даму заңдылықтарына ықпал етіп, туған тілінен, тарихы мен мәдениетінен айрылудың қатерлі жағдайына душар етті.
Жалпы, қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгілі. Бұл қауіптен қазақ тілі 1917 жылғы Қазан төңкерісінің арқасында құтылғандай болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ұлт тілдеріне мемлекеттік және саяси тұрғыда жете мән беріліп, ұлт тілі мен мәдениетіне азды-көпті түсінушілікпен қарағандық байқалады. Себебі, жұмысшылар мен шаруалардың көсемі В.И. Ленин ұлт тілдері мәселелеріне жете көңіл бөліп, бірнеше ұлттардан тұратын мемлекетте ұлт тілдерін дамыту мәселесіне қатысты пікірлер қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет