1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы



бет26/46
Дата11.05.2023
өлшемі344,91 Kb.
#91813
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
1.?àçà?ñòàííû? ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõûí êåçå?äåó

38.Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым адемиясын құру идеясы. Ұлы Отан көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргжүргізді.

39.1953-1964 жж. Өнеркәсіптің дамуы. Теміртаудағы оқиға. ¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті.
Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды.
40. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн га-ға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық алу көзделді. Республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, еңбек етті. КСРО – ның алыс түкпірлерінен адамдар ағылып келе бастады. Тың игерудің алғашқы 2 жылында 640 мың адам келді. Тыңның алғашқы табыстары: тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. Қазақстанда 6,5 млн га тың жер жыртылды. Бұл жылы республикада 16 млн астық жиналды. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қызыл Ту ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алды. Республикада техникалық дақылдар, көкөніс, жемшөп өндіру де ұлғайтылды. Тың игеру зардабы: Жоғары көрсеткіштерге жету үшін мол аумақтар жыртылып, экологиялық тепе–теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қарашірік қабаты желге ұшты. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткіштеріне менсінбей қарау орын алды. Демографиялық ахуалдың орыс тілді тұрғындардың пайдасына шешілуі қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты. Қазақ мектептерінің саны күрт төмендеді. Қазақша газеттер мен кітаптардың таралымы азайды.

41. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық – өмір. КОКП-ның ХХ съезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.

Қоғамдық – саяси жүйеде 20 жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл – әміршілдік жүйе ХХ ғ. 40-50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық – саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық – саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Қазақстанда талантты тарихшы “ Бекмахановтың ісі ” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт – азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “ Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында ” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “ Бекмахановтың буржуазиялық – ұлтшылдық көзқарасын айыптады ”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 – желтоқсанда 25 жылға сотталды. Бекмахановпен қатар көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай – ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық – ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. 1948 жылы “ космополитизммен ”, яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық – реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері – Б.Кенжебаев , Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды.

КОКП ХХ съезді Мәскеуде 1956 жылғы 14-25 ақпанда өтті. Шешуші даусымен 1349 делегат жән кеңесші даусымен 81 делегат қатысты, олар 6 795 896 партия мүшелерін және 419 609 партия мүшесіне кандидаттарды ұсынды. Съездің делегаттар құрамы (шешуші дауыс құқығымен): жұмыс түрі бойынша – 438 делегат тікелей өндірісте жұмыс істейді, олардың ішінен 251 адам өнеркәсіпте және көлік саласында, 187 – ауыл шаруашылығында қызмет еткен; жас шамасы бойынша – 40 жасқа дейін 20,3%, 40-тан 50 жасқа дейін 55,7%, 50-ден асқандар 24%; білімі бойынша –758 делегат жоғары оқу білімімен, 116 делегат аяқтамаған жоғары оқу білімімен және 169 делегат орта білімімен, яғни 80% делегаттардың білімі жоғары, аяқтамаған жоғары және орта білімді болған; партиялық қызмет өтілі бойынша – 22делегат партияға Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін кірген, 60 делегат– 1917-20 жылдары, 24,9% делегат 1921-30 жылдары, 34% делегат 1931—1940 жылдары, 21,6% делегат 1941—45жылдары, 13,4% делегат 1946 жылы және одан кейін енген. Съезге делегат ретінде193 әйел адам сайланды (бұл бүкіл делегаттардың 14,2% құрады). Съезд делегаттары арасында 60 – Кеңес Одағының Батырлары және 95 – Социалистік Еңбек Батырлары. Съезде 55 шет елдердің коммунистік және жұмыс партияларының делегаттары қатысты. Күн тәртібі: КОКП ОК есептік баяндамасы (баяндамашы Н.С.Хрущев); КОКП Орталық тексеру комиссиясының есептік баяндамасы (баяндама жасаған П. Г. Москатов); 1956-60 жылдарға арналған КСРО халық шаруашылығын дамытудың 6-бесжылдық жоспарына КОКП 20-съезінің нұсқаулары (баяндама жасаған Н.А. Булганин); Партияның орталық органдарын сайлау. 20-съезд Сталинге жеке табынудан және оның зардаптарынан еңсеру жайында мәселені қарастырды. Онымен қабылданған қарарда партия өмірінің лениндік нормаларын қалпына келтіру, партия ішілік демократияны дамыту жөнінде ОК жүргізген қомақты жұмысы мақұлданды. Съезд ОК марксизм-ленинизмге жат жеке басқа табынудан толық еңсеруді, партиялық, мемлекеттік және идеологиялық жұмыстың бүкіл саласында оның зардаптарын жоюды, партия өмірінің лениндік нормаларын және басшылық етудің ұжымшылдық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтамасыз ететін шараларды біртіндеп жүзеге асыруды ұсынды. Жеке басқа табынуды сынағанда партия тарихтағы халық бұқарасының, партия және жеке тұлғаның рөлі туралы, саяси басшының атқарған істері қаншалықты зор болса да, жеке басқа табынуды болдырмау туралы марксизм-ленинизм ережелерін басшылыққа алды. 20-съезд өткен соң, оның шешімдерін дамыту үшін КОКП ОК 1956 жылғы 30 маусымдағы «Жеке басқа табынуды және оның зардаптарын еңсеру туралы» арнайы қаулысы жарияланды. Съезд шешімін коммунистік партия, кеңес халқы, бауырлас коммунистік және жұмыс партиялары мақұлдап, қолдады.

Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты құндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар басқарудың әкімшілік өрістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П ХВЫЫЫ съезінің құжаттарында жазылған социализм қырлысын аяқтаудың соңына қарай ел коммунистік қоғам құруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық – КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасады көзқарастың жалғасы еді.



42. Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. Таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амал шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. Және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. Және тех. Қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. Процестерді теор. Тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. Және тех. Нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. Жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. Ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технолог. Тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. Қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. Революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. Пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. Міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвисттер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.

43. 1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.



Ғылыми – техникалық прогресс – қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының маңызды факторы. 60 – жылдары ғылыми – техникалық прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолғы қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, цехтарды кәсіпорындарды және т.б. механикаландыру жәке автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтен дірілді. Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процестері: қазу, құлату және қазалау забойлар өткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вагондарына тиеу және т.б. механикаландырылды. Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарақтануы, онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорынды дәрежесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрлері жөнінен олардың алдында болды. Жер астына кен өндірудің озық жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрғылау барған сайын кеңінен енгізіле берді, тиеу – тасымалдау процестері механикаландырылды. Металлургия кәсіпорындарында процестерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлемде қолданылды, Балқаш кен – металлургия комбинатында мыс концентраттарын тікелей конверторлардың өзінде өңдеу процесі енгізілді. Іздеу барлау жұмыстарының мұнай өндірудің, мұнай өңдеудің технологиясы техникасы түбірімен өзгерді, 1965 ж. 308 мұнай скважинасында мұнай шығару процестері комплексті автоматтандырылды және теле механикаландырылды, 198 мың тонна мұнай жер қабатына қолдан ықпал жасау тәсілі арқылы шығарылды. Машина жасауда құюдың озық әдісі енгізілді, жинау, ұста – пресс және басқа цехтардың техникасы тынымсыз жетілдірілді. Дегенмен жоғары өнімді процестер технология мейлінше шабан енгізілді. Шығарылған бұйымдардың конструкцияларында озық материалдар полимерлер, ағаш пластиктер және басқалар пайдаланылмады. Электр энергетикасында жабдықтардың құрылымы өзгерді, бір жолғы қуаты күшті агрегаттар енгізілді, жоғары қысымда жұмыс істейтін агрегаттар көбейді. Автоматика, телемеханика және электронды есептеу техникасы енгізілді. Сайып келгенде республика өнеркәсібінде кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыруда жаңа техниканы, озық технологияны енгізуде белгілі табыстарға қол жетті. Осымен бірге ғылым техниканың жетістіктері өндіріске үлкен қиындықпен және өмір сүріп отырған шаруашылық механизмінің арқасында емес, қайта оның еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар және тұтас салалар іс жүзінде алып қарағанда өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі емес, өйткені олардың көздегені жоспар, көлем, жалпы Республиканың бүкіл экономикасы сияқты өнеркәсіп те өндіріс алаңдарын кеңейту айналымға шаруашылық шикізаттың жаңа көздерін тарту, кадрлардың санын көбейту есебінен дамып отырды. Өнеркәсіптің шығарушы және өңдеуші салалары арасындағы сәйкессіздік тереңдеді, мұндай жағдайда шығарушы салалары басым дамыды. Табиғатты қорғау мәселелерін шешуге комплексті көзқарасты қамтамасыз ете алмаған, қалыптасқан, мейлінше орталықтандырылған әкімшілік жоспарлау жүйесі, демократия жариялылық дәрежесінің жеткіліксіздігі, экологиялық мәдениеттің болмауы салдарынан индустрияның бірге зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға әсері қауырт күшейе түсті. Экономикада экологиялық-«лас» шикізат салалардың басымдығы жағдайды онан сайын қиындата түсті, бұл салаларда жетілдірілмеген, табиғатқа залалды технология пайдаланылды. 60 – жылдарда – ақ халық шаруашылығына демократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі айқын сезіле бастады. Елдің сол кездегі басшылығы өзгеріс жасаудың қажет екенін түсініп, экономиканы терең құруға әрекет жасады. 1959 ж – ақ түсті металлургияның барлық кәсіпорындары (29) Қазақстанның қарамағына берілді, олардың негізінде тиісті.

Экстенсивті Даму Жолы – экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстенсивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды. Ауыл шаруашылығында Экстенсивті даму жолының экономика өсуіне шаруашылық айналымға жаңа жер телімдерін тарту, материалдық-тех. Базаны өзгертпестен өсімдіктердің бұрынан қолданылып келе жатқан сорттарын, мал тұқымдарын пайдалана отырып, өндірісті кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі. Өйткені экономика дамуының әрбір кезеңінде қызметкерлер санын көбейтудің, айналымға қосымша ресурстар (шикізат, материалдар, отын, т.б.) тартудың белгілі бір шегі бар. Іс жүзінде экстенсивті және интенсивті даму жолдары таза түрінде болмайды, олар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан басым экстенсивті және басым интенсивті даму жолдарына ажыратылады. Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін көбейту.


44. XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.
Әлеуметтік саладағы қайшылықтар
70-80 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы. 70 ж басында 170 – тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех — Лисаков кен байыту комбинаты Шерубай – Нұра шахтасы , Талдықорған аккумулятор зауыты т.б. кәсіпорындар бой көтерді. Екібастұз отын – энергетика кешені, Ертісте Шүлбі СЭС – інің құрылысы болды. 1975 ж Республиканың барлық кәсіпорны энергиямен қамтамасыз етілді. КОКГ–ның–XXVI съездерінде ғылыми – техникалық прогресс туралы көп айтылды. Осыған орай ғылым мен техниканы тұтастыру формасы ғылыми – өндірістік (60-70жж) бірлестіктер құру деп танылды. Өнеркәсіп құрылыс саласында республика басшылығы алып аумаққа әуестенушілікті кеңінен қолдап отырды. Мифологиялық пайым соц.мемлекеттің зор қуатын бейнелейтін жаңа символдардың күннен күнге көбейе түсуін талап етті. Соның бір мысалы ретінде Павлодар – Екібастұз, Маңғыстау, Қаратау – Жамбыл, Шымкент Кентау сияқты ірі аймақтық өндірістік кешендер 70 ж басында тұрғызылды. Билеуші партиялық – мемлекеттік аппараттың білімсіздігі мен директивалық жоспарлау республика экономикасына орасан зор нұқсан келтірді. Арал – 27000 шаршы км құрғап қалды. Экологиялық апат аймағына айналды.
Ауылшаруашылығы өндірісіндегі қайшылықтар:


47. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар», дағдарыстар және қиыншылықтар.


Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л.Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі. 1965 – 1966 жж. Экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. Кеңестік экономиканы басқару тәсілдерін орталықтандыру тұрғысынан өзгерту және өнеркәсіптік, Аграрлық реформалардың қайшылықтары. Мемлекеттік меншіктің басымдылығы жағдайындағы кеңестік менеджмент жүйесінің және тұтастай модернизациялық моделінің тиімсіздігі. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. 60-70-ші жж. Қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі ( «Жас тұлпар», т.б.). КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. өндірістегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының келеңсіздігі. кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі. Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен Тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылы қаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді Агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде. Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздану. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ Полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы. Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград Оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.
45. XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана – сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі («Жас Тұлпар»).
Жас тұлпар —1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген бірқатар қазақ студенттері тарапынан құрылған ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубы. Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты. 1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Әуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту. “Жас тұлпар” ұйымы алғашқыда 800 студентті біріктірді, кейін Алматы, Ақмола, Шымкент, Ленинград, Киев, Одесса, Павлодар, Ригада құрылды. Қарағандыда “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. 1970 жылдары ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды.
46. КСРО өнеркәсібінің дамуындағы Қазақстанның үлесі. Өндіріс саласының дербестігінің шектелуі және өнеркәсіптің дамуының қайшылықты сипаты
“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. Сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
48. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Аралдың тартылуы. Семей полигоны.
1950 ж бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысының жерінде орналасқан атом полигоны әлемдегі әскери объектілердің ішіндегі ең ірілердің бірі. Батыс Қазақстанда Капустин Яр деген жерде де атом полигоны жұмыс істеп тұрды. Семей полигонында 1949-1965 ж дейін ауада қуаты әр түрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 ж дейін қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерасты жарылыс жасалған. Арал теңіз суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді. Сырдария мен Амудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапқа жол берілді.
50. Қазақстан «қайта құру» кезеңінде. (1985-1991 жж.). М.С.Горбачевтың реформалары.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.). КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумі жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У. Черненко қайтыс болды. М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне әлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.
51. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары. Себептері, сылтауы және салдары.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. Жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
52. «Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы. КазКСР мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация (1990 ж.).
«Қазақ КСР – дегі тілдер туралы Қазақ КСР – нің заңын» Республиканың Жоғарғы Кеңесі 1989 ж қыркүйегінде қабылдады. Бұл құжатта егеменді ҚР – ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп көрсетілген. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. 1990 ж 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылданды. Мемлекеттік егемендіктің жариялануы – республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. Азаматтадың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуде республиканың дербестік танытатыны айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет