29 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары. Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды.Солтүстік Кавказ,Грузия, Қырым, Қалмақ өңірлеріне күшпен жүргізілген депортациялар өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады.
Тек Сталинград пен Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказөңірі жаудан азат етілді. Алайда жаудан азат ету аяқтала салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды. 30.Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді.
Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды.Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді .Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
31.Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, КСРО өзінің қарулы күштерінің қатарын соғыс жағдайында жедел толықтырып, жаңа құрылымдарды жасақтауды – басты міндет ретінде белгіленді. Бұл іс басқа Одақтас республикалар тәріздес Қазақстанда да жедел қарқынмен жүргізіле бастады. Соғыстың алғашқы айларында республика көлемінде 7 ірі әскери дивизиялары құрылған болатын.
Алғашқылардың бірі болып Ақтөбе қаласында – 312 атқыштар дивизиясы жасақталып, майданға аттанды.Кейін 1941 жылдың 13 қарашасындағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің жоспарына сәйкес, 101-ұлттық атқыштар бригадасы құрыла бастады.Сонымен қатар, облыс көлемінде бірнеше әскери батальондар да құрылып, майдан шебіне аттанды. Жоғарыда жасақталған әскери құрамалардың негізгі құрамын ақтөбеліктер құрады. Архив құжаттары бойынша, ақтөбеліктер өздерінде жасақталған әскери құрамаларды қару-жарақпен және барлық қажетті заттармен қамтамасыз еткен.