Көпвекторлы сыртқы саясат – егемендіктің ерекше көрінісі
Қазақ елі өз тәуелсіздігін жария еткен 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап демократиялық даму жолын таңдайтындығын жалпы әлемге жария етіп, еліміздің өзіндік сыртқы саясатын қалыптастыра бастады. Еуразия кеңістігінде алып аумақты алып жатқан еліміз сыртқы саяси басымдықтарын айқындауда, орналасқан аумағының географиялық саяси (геосаяси) жағдайынан шыға отырып көпвекторлы бағыт ұстанды. Ол турасында дипломат, қоғам қайраткері Қ.Тоқаев: «1991 жылғы желтоқсан – 1993 жыл аралығында Қазақстанның көпвекторлы дипломатиясы қалыптасты», деп атап өткен-ді. Әлемдік саяси теорияда көпвекторлы сыртқы саясат демократиялық мемлекеттерге тән. Демократиялық мемлекеттің сыртқы саясаты өзге елдердің ішкі ісіне араласпау, олардың территориялық біртұтастығын құрметтеу, өзге елдермен тең дәрежелі қарым-қатынастарға түсу, өз ұстанымдарын өзге елдерге таңбау, өзге елдердің саяси тәртібі мен экономикалық жүйесін және этникалық, діни құндылықтарын құрметтеу ұстанымдарына негізделетіні көпшілікке мәлім. Өзінің сыртқы саясатында осы ұстанымдарды басшылыққа алған кез келген мемлекет әлемдегі барлық елдермен, оларда үстемдік құрып отырған билік тәртібіне қарамастан, тату-тәтті қарым-қатынас орнатады. Ал бұл – әлемдегі тепе-теңдікті сақтаудағы басты талап.
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны мен маңызы.
І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
1.Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны
ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
1. Архив - 2025
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
3. Түркі әлемінің генезисі
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі