1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Жоспарлы экономикадан нарыққа өту. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы экономиканың негізгі салаларының дамуының басымдықтары және болашағы



бет35/46
Дата11.05.2023
өлшемі344,91 Kb.
#91813
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
1.?àçà?ñòàííû? ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõûí êåçå?äåó

61 Жоспарлы экономикадан нарыққа өту. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы экономиканың негізгі салаларының дамуының басымдықтары және болашағы.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға түбегейлі бет бұрды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономиканың мемл. секторы ішінара ғана сақталып отыр (15%-тей). Шаруашылықты жүргізудің мемл. нысаны негізінен қоғамның қажеттерін айқындайтын әлеуметтік-экономика міндеттерді шешуге: мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз етуге, қоғамның мүдделерін қорғауға; экономиканың жекеше секторы қамтымаған не жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндіріс салаларындағы зәру тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге; мемлекет монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Яки мемлекет меншік негізінен темір жолдар мен автомобиль жолдарында, құбыр желісінде, электр энергиясын бөлуде, іргелі ғылымда, базалық білім беру мен денсаулық сақтауда, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінде сақталып отыр. Бюджеттік ұйымдар, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекет кәсіпорындар, қазыналық мемлекет кәсіпорындар, акционарлық қоғамдардағы акциялардың мемл. пакеттері, бірлескен кәсіпорындардағы үлестер (үлеспұлдар) экономиканың мемлекет секторы болып табылады. Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:


— экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;
— нарықтық қатынастарды құру және дамыту;
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғана қалыптаса бастаған болатын.
Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ. Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;
-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
-жеке кәсіпкерлікті дамыту;
-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;
-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет