1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Реформалардың жаңа кезеңінің түйінді тармақтары



бет37/46
Дата11.05.2023
өлшемі344,91 Kb.
#91813
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Байланысты:
1.?àçà?ñòàííû? ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõûí êåçå?äåó

Реформалардың жаңа кезеңінің түйінді тармақтары:
1. студенттер құрамын жасақтаудың жаңа жүйесіне көшу;
2. көптеген жоғары оқу орындарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

1993 жылға дейін мемлекеттік ғылыми саясат ғылымды каржыландыру проблемаларын әкімшілік жолмен шешу әрекеттерімен айқындалды. Бұл орайда Ғылым академиясы мемлекеттік қолдаудың басты нысаны болды. 1990 жылғы шілдеде, 1991 жылғы нау­рызда, 1992 жылғы сәуірде Қазақстан Ғылым академиясын материалдық-техникалық камтамасыз етуді жақсарту жөніңде Үкіметтің арнаулы қаулыларықабылданды. 1992 жылы Қазақстан ТМД-да бірінші болып «Ғылым және ғылыми-техникалық саясат туралы» Заң қабылдады. 1993 жылы Қазақстан ғылымын ұйымдық реформалау басталды. Осы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа тех­нология министрлігіқұрылды. Ол Ұлттык Ғылым академиясы (ҚР ҮҒА) болып өзгертілді, ал 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өз қызметін өзін-өзі басқару принципі негізінде жүзеге асыратын жоғары мемлекеттік ғылыми мекеме деп жарияланды. 2001 жылы Қазакстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңының қабылдануының зор маңызы болды.


Бұл ғылыми қызмет пен оның инфрақұрылымының кейбір негізгі көрсеткіштеріне тез арада әсерін тигізді. Мәселен, ғылыми-техникалық саланың негізгі қорларының орташа жылдық қүны 2000 жылдан 2004 жылға дейін 1,7 есе ості, ал негізгі құрал-жабдықтың актив белігінің күны 3 есе-ден астамға көбейді. Ғылыми және ғылыми-техникалық ұйымдардың кор­мен жарактандырылуы 1,5 еседен астамға өсті.
XXI ғасырдың алғашкы бес жылында жас кадрлардың ғылым саласына келуінің біраз өскені байқалды. 2000-2004 жылдар аралығында 40 жас-қа дейінгі ғылым кандидаттарының саны 12%-ға өсті, нак сол кезенде 60 жастан жоғары жастағы ғылым докторларының саны 16%-ға көбейді.
Одан әрі даму және реформалар барысында экономикамыздың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін кажетті жаңа білімдер мен идеяларды игеруге қабілетті негізгі ғылыми ұжымдардың қызметін сақтап, дамытудың сәті түсті. 2008 жылы Қазақстанда түрлі ведомстволарға тиесілі жөне түрлі меншік формасындағы 300-ден астам ғылыми ұйым жұмыс істеді, оларда 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтыдды, олардың ішінде 1000-нан ас­там ғылым докторы, 3000-ға жуық ғылым кандидаты бар. Қазіргі кезде ғылымды басқарудың жаңа үлгісі әзірленді және оны іске асырудың құралы ретінде Мемлекет басшысының 2007 жылғы шілдедегі Жарлығымен Ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, ол егеменді Қазақстанның тарихында тұңғыш рет әзірленді және ғылым саласының сапалық жаңа деңгейіне көшуін қамтамасыз ететін бірқатар міндеттерді шешуге бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет