1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Экологиялық пирамиданың типтеріне сипаттама беріп, мысалдар келтіріңіз



бет3/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
биоресурс шпор (копия)

3.Экологиялық пирамиданың типтеріне сипаттама беріп, мысалдар келтіріңіз.
Экологиялық пирамида — экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас. Өрнектелу түрлері:
нақты массамен (биомасса пирамидасы),
дарақтар санымен (Элтон сандарының пирамидасы),
дарақтардың энергия мөлшерімен (энергиялар пирамидасы).
Пирамида негізін 1 деңгей(продуценттер) құрайды,ал келесі деңгейлері пирамиданың қатар және төбесін түзеді.1927 жылы Ч.Элтон зерттеді.
Экологиядық пирамида сан пирамидасы,биомасса пирамидасы,энергия пирамидасы болып үшке бөлінеді.
Сандар пирамидасы немесе особьтердің трофикалық денгейлер бойынша бөлінуі мына факторларға баиланысты:
1) кезкелген экожүйедегі ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбееді.
2) кез келген жытрқыш жануар үшін оның жемтіктерінің төменгі және жоғарғы шегі бар. Жоғарғы шегі жыртқыштың өз денесінің көлемінен әлдеқайда ірі жануарға шамасы жетпейтіндігінің, төменгі шегі жемтігінің көлемі тым шағын болған жағдайда оны аулаудың жыртқыш үшін еш мәні қалмайтындығымен анықталады.
Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы (фитобиомасса фитобиомассалардың) азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің-фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады.
Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.
2-билет
1.Қазақстанның флоралық аймақтарының жіктелуін түсіндіріңіз
Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан.Өсімдіктердің Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі – қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған.
Шөлді аймақ – жалпы аумағы 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер.
Таулы экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет