1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Гаузе принципіне түсінік беріп, мысал келтіріңіз



бет4/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
2.Гаузе принципіне түсінік беріп, мысал келтіріңіз
1930—1934 жылдар аралығында Г.Ф. Гаузе инфузориялардың екі популяциясынан тұратын жүйеде эксперименттер жүргізді Эксиерименттерде жыртқыш инфузория дидиниумның өзінін, жемтігі инфузория кебісшені толық жойыи жібере алатыны, бірақ содан соң қоректің жетіспеуінен өзінің өлетіні көрсетілді. Егер жемтіктің жеке дараларының тірі қалуына жағдай жасалса, сақталып қалган жемтік даралары жылдам көбейеді.
Гауз принципі бойынша экологиялық жагдайлары ұқсас екі түр ұзақ уақыт бір экологиялық қоймада тіршілік ете алмайды.
Жыртқыш (царазит) — жемтік (ие) жүйесіндегі тураралық қатынастар таза күйінде табиғатта болмайды. Себебі, жыртқыш тек бір түрмен ғана қоректенбейді.
Экологиялық орын дегеніміз - түрдің экожүйедегі энергия тасымалында атқаратын рөлін анықтау. Экологиялық орынды анықтаудың үш жобасы бар. Бірінші, кеңістік, екінші трофикалық және көп өлшемді орынды. Кеңістік ол мекен еткен орны. Трофикалық орын коректену ерекшеліктерін көрсетеді десек, организмнің қоғамдастықтағы ролін сипаттайтын «мамандығы» сияқты. Гаузе принципі бойынша бір экологиялық орынды екі түр қатар иелене алмайды. Бәсекелестік экологиялық орынды бөлінуіне, түрлердің мамандануына және түрлер әр алуандығының пайда болуына әкеліп соғатын өте қуатты экологиялық фактор. Түраралық бәсекелестік нәтижесінде экологиялық орынның бөліну құбылысы экологиялық диверцификация деп аталады. Бұл кеңістік трофикалық байланыс, көп өлшемді деп бөлінген үш критерийге сәйкес келеді. Кеңістіктегі особьтардың орналасуындағы мәнісі түрлердің әр түрлі стацияларды немесе қолайлы аймақтарды таңдап алуында жатыр.
Г.Ф. Гаузенің ұсынған заңдылығы бәсекелестіктің ерекше қағидалары:
Егерде жақын туысқа жататын екі түр бір орында лимиттелген және шектелген ресурстар санын бірдей бір уақытта пайдаланса, соңында бір түр екіншісін ығыстырып шығарады.
Табиғи бірлестіктегі организмдердің мәртебесін анықтау үшін, біз олардың белсенділігі, азықтары, энергия көзі және таралу ерекшеліктері туралы кейбір мәліметтерді, сонымен қатар оған сәйкес болатын популяциялық параметрлерді орналастыра білуіміз қажет.
3.Популяцияның жыныстық құрылымын анықтауды тұжырымдаңыз
Популяцияның жыныстық құрылымы - особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы. Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы генетикалық зандар бойынша анықталады және оларға орта әсер етеді. Көптеген түрлерде болашақ особьтың жынысы ұрықтану кезінде хромосомдардың комбинацияларының өзгеруі нәтижесінде анықталады.
Жыныстық белгілері көбіне аталықтары мен аналықтарының морфологиялық (өлшемі, түсі), физиологиялық (өсу қарқыны жыныстық жетілу кезеңі), экологиялық және мінез-құлықтық айырмашылықтарын анықтайды. Мысалы, қан сорғыш масалар (Culicidae) тұқымдасына жататын масалардың аталық особьтары имаго кезеңінде (жәндіктер мен кейбір буын аяқтылардың жеке даму кезеңіндегі ересек стадиясы) аналық особьтары сияқты қанмен емес, тек өсімдіктердегі шықтарды жалаумен, өсімдіктер шырынымен қоректенеді немесе тіпті қоректенбейді де. Табиғатта аналық особьтары көп өлетін түрлер де (мысалы, ондатра, пингвин, жарқанат) және керісінше аталық особьтары көп өлетін түрлерде де (көптеген кемірушілер, қырғауылдар) кездеседі. Кейбір жарқанаттарда қысқы ұйқыдан сон аналық особьтардың үлесі популяцияның тек 20%-ын ғана құрайды. Сондай-ақ популяциядагы жыныстар ара қатынасына орта жағдайлары да әсер етеді. Кейбір түрлерде жыныс генетикалық факторларға емес, экологиялықщ факторларға байланысты. Мысалы, Arisaema japonica өсімдігінің жынысы түйнектеріндегі қоректік заттар қорының жиналуына байланысты. Үлкен түйнектерінен аналық гүлдері бар особьтар, майда түйнектерінен аталық особьтары өсіп шығады. Сары орман құмырсқаларында (Formica rula] + 20°С төмен температурадағы салған жұмыртқалардан аталық особьтары, ал жоғары температурада - аналық особьтары дамиды. Бұл құбылыс ұрық сақталатын ұрық қабылдағыштын бұлшық еттеріне байланысты, өйткені олар тек жоғары температурада ғана белсенді болып, жұмыртқалардың ұрықтануын қамтамасыз етеді. Ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан жарғақ қанаттыларда тек аталық особьтар дамиды.Әсіресе популяцияның жыныстық құрылымына ортаның жынысты және партеногенетикалық (жынысты көбеюдің бір түрі - аналық ұрық клеткалары ұрықтанбай дами бастайды, эволюция барысында жеке жынысты және гермафродит формаларда пайда болған бір жынысты көбею) ұрпақтары кезектесіп отыратын түрлерде жақсы байқалады. Дафнияларда (Daphnia magna) қолайлы температурада партеногенетикалық жолмен аналық особьтар, ал жоғары немесе томен температурада популяцияларда аталық особьтар пайда болады. Ал шіркейлерде қос жынысты ұрпақтың пайда болуына күн ұзақтығы, температура, особьтар тығыздығының артуы және т.б. әсер етеді.
Большаков пен Кубанцев жыныстық құрылым динамикасының 4 типін ажыратады:
1.Популяциялардың тұрақсыз жыныстық құрамы(өмір сүруі қысқа жануардарда)
2.Жыныстық құрамның ауытқуы кезінде аталықтардың басым болуы(ірі шоғыр түзбейтін жануарлар жыртқыштарда)
3.Құрамында аналықтардың басым болуы
4.Жыныстар құрамы салыстырмалы тұрақты,аталықтар мен аналықтардың саны ьең дәрежеде(егеуқұйрық,борсық,жұпар тышқан).

3-билет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет