1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Қазақстанның балды өсімдіктерін сипаттап, ресурстық қорын анықтаңыз



бет7/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
биоресурс шпор (копия)

1.Қазақстанның балды өсімдіктерін сипаттап, ресурстық қорын анықтаңыз


Балды өсімдіктер - гүлінен бал арасы шірне, тозаң жинайтын жабықтұқымды өсімдіктер тобы. Өсімдік гүліндегі шырын шығаратын алуан түрлі бездер өсімдіктердің гүлінде, кейде тостағанша және күлте жапырақшаларында орналасады. Ал ондай бездер өсімдіктің сабағында, жапырақ сағақтарында, бөбешік жапырақтарында және гүлжапырақтарында сирек кездеседі. Бір гүлден бөлінетін бал мөлшері өсімдік түріне қарай әр түрлі болады.
Сүйекті Аққурай -бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 100 -120 см, кейде 200 см болады. Тамыры тереңге кетеді. Сабағы тік бұтақтанған, түкті жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшкүлақты келеді. Гүлдері ұсақ, ақ, қызғылт түсті жапырақ қолтығына орналасқан. Дөңгеленген жаңғақ тәрізді 5 -6 мм бұршағы бар. Тұқымы ұсақ. Мамыр-шілдеде гүлдеп, тамыз-қыркүйекте дән береді. Оңтүстік Қазақстанда 3 -4 мың га қоры бар. Түркістан ауданындағы тау бөктерлерінде, құмды жерлерінде қаулап өседі.
Қараған - бұршақтар тұқымдасына жататын бұта (ағаш). Шығыс Еуропа мен Азияның далалық, шөлді және таулы аймақтарында (4000 м биіктікке дейін) кездесетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының өзен алқаптарында, орман шетінде, шөлде, орманды далада, тоғайда, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 18 түрі бар. Қараған - топырақ талғамайды, құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік.
Балды жемісті ағаштар және жидекті бұталары.Бұл топқа жататындар:
1. Таңқурай 2. Қарлыған 3. Шие4. Қараөрік5. Алма 6. Алмұрт7. Қарақат
Егістіктерді қорғайтын, көгалдандыру мақсатында отырғызылатын балды өсімдіктер:
1. Ақ қараған 2. Гледичия 3. Кәдімгі аткаштан 4. Бөріқарақат5. Жиде 6. Сирень 7. Долана 8. Айва
Шалғындықтардағы балды өсімдіктер.
Көп жағдайда шалғындықтарда жақсы бал жинайтын өсімдіктер мол болады. Жалпы шалғындықтар жылына 1 гектардан 20-80 кг-ға дейін бал бере алады.
Қазақстанның тауларындағы субальпі аймағы (теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте) үлкен қызығушылық туғызады. Өйткені ол жерлерде шілде-тамыз айларында, мысалы Іле Алатауының орталық аймағында субальпі белдеуінде жуалар түрлері, Алтай шырышы, боз кілем түрлері, сарғалдақтар кездеседі. Гүлден аралар нектар жинайды. Жалпы шалғындықтарда негізгі бал жинауға жарайтын өсімдіктер мыналар:Беде,шалфей,қазтамақ,сиыр жоңышқа,гүлкекіре,бозкілем,қайызғақшөп,қойжелкен,қазтабан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет