1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Жануарларды есепке алу тәсілдеріне талдау жасаңыз



бет77/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
биоресурс шпор (копия)

3.Жануарларды есепке алу тәсілдеріне талдау жасаңыз
ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ– жануарлардың көп тараған жерінде жалпы санын анықтау. Көбінесе халық ш-на маңызы бар пайдалы жануарларды тиімді пайдалану және аулау жоспарын белгілеу үшін олардың жалпы саны есепке алынып отырады. Сондай-ақ зиянды жануарлардың тараған жерлері мен мекендерін анықтап санын есепке алу бұларға қарсы шараларды ұйымдастырудың негізі болып табылады. Әр түрлі жануарлар түрін немесе топтарын есепке алудың бірнеше әдістері бар. Мыс., терісі бағалы және кәсіптік маңызы бар тұяқты аңдардың жалпы санын білу үшін, олардың белгілі бір мекендеген аймақтарында есеп жүргізу кезінде белгілі бағытта келе жатқан (жаяу, көлікпен, машинамен, ұшақпен, тікұшақпен) есепшілер кездескен аңдарды есептеп, олардың жалпы санын есеп жүргізген жер көлеміне бөліп, аңдардың орташа санын табады. Қазақстанда тұяқты жабайы жануарлардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар аңның бірі ақ бөкен осындай әдіспен есепке алынады.
Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген, әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге бөлінеді. Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ (жануарлар) санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км. алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін, құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс-әрекеті бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа бойынша жүргізеді. Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу зерзаты-обьект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар), таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі. Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын алаңда, үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік (балапандары бойынша, пайдаланатын жерсудағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-22, тұяқтылар-?7, құстар түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер). Тұяқты аңдар (бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар). Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тауқұдырет), суда жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет