Төте жазу тарихы. А.Байтұрсынұлының әліпбиі XX ғ. Басында халқымыздың ұлы перзенті , ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Басқаша айтқанда , жазу-сызуды демократияландыру арқылы күллі халықты сауаттандыру ісіне бар білімін, күш-жігерін салды. Халықты жаппай сауаттандыру, білім беруді тезірек қолға алмаса, қазақ қоғамының заман ағымына ілесе алмай қалып қоятынын терең түсіне білген ғалым жүйесі аса күрделі ескі қазақ жазба тіліне түбегейлі реформа жасады.Алдымен , ол араб әліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты (а-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү, е) және он тоғыз дауыссыздан (б-п, д-т,г-к, ж-ш, з-с, й,л,м,н,ң,р,у) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып, қазақ әліпбиін түзді. А.Байтұрсынұлы ұсынған жазба тіл нормасы бірыңғай халықтық тілдің сөз, грамматика, дыбыс жүйесіне сүйенді, соларды таяныш етті, ескі түркілік сөз үлгілері мен қалың жұртшылыққа түсініксіз араб , парсы элементтерінің қолданылуы шектеулі болды. А.Байтұрсынұлы жазуы халықтық тілдің сөз үлгілерін жазба тілде бірізді қолданудың жүйесін жасады.Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы халық тіліне негізделген жазбаша тілдің тұңғыш рет оқулықта , оқу құралдарында заңдастырылған нормасын жасады. Тіліміздің заңдастырылған жазу нормаларын А.Байтұрсынұлы негіздеп берді.
А.Байтұрсынұлы ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұртшылықтың ықыласына бөленді. Ден қойған адам оны бір-екі айдың ішінде үйреніп алатындай , 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай болды. Жұртшылық сондықтан бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп, төте жазу, төте оқу деп атады. А.Байтұрсынһұлының төте жазуын тек қазақ зиялылары ғана емес, әлемдік тіл ғылымының (лингвистиканың) көрнекті өкілдерінің бірі Е.Д.Поливанов, фонетика зерттеушісі Яковлев т.б.арнайы тексере келіп, аса жоғары бағалады.Алайда төте жазудың Кеңестер Одағындағы ғұмыры ұзаққа бармады. 1929 жылы қазақ жазуы латын графикасына негізделген, 29 әріптен тұратын жазуға көшті. Ал 1940 жылы қараша айынан бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын осы күнгі орыс графикасына бейімделген жазуға көшті. Ал ҚХР -дағы миллионнан астам қандастарымыз осы күнге дейін төте жазуды қолданып келеді. Онда төте жазумен оқулықтар, оқу құралдары , газет-журналдар, әртүрлі кітаптар шығады.
1910 ж
А.Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеді.
1912 ж
Әліпби қолданысқа енді.
1929 ж
Қазақ жазуы латын графикасына негізделген
1940 жылы қараша айынан бастап
Бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын осы күнгі орыс графикасына бейімделген жазуға көшті.