1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығындағы жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуы



бет21/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
75 тарих жауап

Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығындағы жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жаңа кеңестік билік бүкіл білім жүйесін қайта құруды талап етті. 1918 жылы Қазақстан аумағының едәуір бөлігін қамтитын РКФСР-да қабылданған «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» ережесіне сәйкес бұрынғы бастауыш училищелер, гимназиялар, реалдық училищелер және басқа да оқу орындарының орнына 2 сатылы бірыңғай еңбек мектептері құрылды. Оның бірінші сатысында – 8-ден 13 жасқа дейінгі, ал екінші сатысында – 13-тен 17 жасқа дейінгі балалар оқиды деп бекітілді. 1918 жылғы қазандағы «Шағын ұлттар мектебі туралы» қаулыға сәйкес, барлық ұлттар, соның ішінде қазақтар өздерінің ана тілінде оқуды ұйымдастыра алады деп жарияланды.
1920–1921 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 2410-ға жетті (1914–1915 оқу жылында – 2011). Мектептердегі білім беру деңгейі әлі де нашар еді. Балалар мен мұғалімдерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары тапшы болды. Әсіресе қазақ мектептерінде оқулықтар жетіспеді. Сондықтан да Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары сауатты деген ел азаматтарын қазақ мектептері үшін оқулықтар жазуға шақырды. Балалар үйіндегі материалдық-техникалық жағдай сын көтермейтін, онда тіпті ауыстыратын киімдер мен төсек-орындар жетіспейтін. Ауылдық елді мекендер уезд және губерния орталықтарынан шалғайда орналасты. Қазақ мектептерінде әліппе оқулықтарының өзі де жетіспеді. Жоғары білімі бар білікті педагогтер өте аз еді. Мысалы, 1924 жылы Ақмола уезінде жоғары білімі бар бірде-бір қазақ болған жоқ.
Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс, халыққа білім беру саласын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тілінде оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ә. Ермековтер болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейхан, Қазақстан тарихын профессор Санжар Асфендиаров құрастырды. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулық жарық көрді. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. А. Байтұрсын 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» жұрналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне білдіре бастайды. Қазақ жазуына, тіліне ыңғайлысы ол «Арап» әріптері еді. А.Байтұрсын араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі А. Байтұрсыновтын реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы альфабитті негізге алған жаңа жазуы ( ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері де қолдана бастапты. 1924 жылы Орынборда маусымның 15 – сіндегі мәжілісінде А. Байтұрсын «Әліпби тақырыпты» деген баяндама жасайды. А.Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын таңбаларын алуды қостаған Алаш арысы, біртуар мемлекеттік қайраткер Нәзір Төреқұловтың баяндамасын талқылап, екі алфавиттің оң – теріс жақтарын сарапқа салып қарағаннан кейін, съезд: «Қазақ тұтынып отырған түрк (араб таңбалы) әліпбиінің баспа түрін дара болмауы баспа ісіне де, үйрету жағына да қолайсыздық қылатын болғандықтан, ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрк әліпбиінің өзін түзету өзге әліпби алудан анағұрлым оңай болғандықтан, түрк әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек» деп А.Байтұрсынов реформалаған және баспа түрінің де вариантын ұсынған араб жазу негізіндегі қазақ алфавитін қабылдау керек» деген қара ұсынды. (Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі. Орынбор. 1925). 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкіл Одақтық Түркологиялық съезде барынша дәлелдеп, қазақтардың латынға көшуіне қарсы болды. Бұрыннан пайдаланып келген, әрі нақтылы бір ұлт тіліне лайықталып, реформаланған араб (мысалы, қазақтардікі сияақты), не орыс (мысалы, сол кезде чуваштар қолданып отырған) графикасын латыншаға ауыстырудың ешкандай не саяси – идеологиялық, не экономикалық тиімділігі жоқ, сауат аштыру, оқыту ісінде де лайықталған араб графикасы мен қабылданбақшы латын жазуының бір – бірінен артық - кемдігі шамалы, керісінше, жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздіреді дегенді айтты. А.Байтұрсыновты жау етіп тануға күш салғандардың оған тағатын айыптарының бірі – « Байтұрсынов термин жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни қазақ тіліне орыс сөздері мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты» деген пікір болатын. Сөйтіп, ұлы ағартушы, педагог 1929 жылы ұсталып кеткені байқалады. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар бастаған «арабшылар» (реформаланған араб жазуын ұсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай өзге түркі халықтары өкілдерінің көпшілігі латын жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған түркі халықтары үшін латын жазуына көшу ұйғарылды.Латын жазуын қабылдау туралы ұйымдастырылған жиын-конференциялар мен баспасөз беттерінде емле мәселелерімен қатар пунктуация жайы да кеңірек айтылды. Жазба мәтіндерде тыныс белгілерінің ережелерін түзу (жасау) және оны пайдалану проблемасы қазақ мәтіндерінде ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында көтеріліп, ХХ ғасырдың басында дұрыс, сауатты жазу үшін пунктуация өте қажетті проблема екендігі орнықты. Араб таңбалы жазуда тыныс белгілерінің жоқ болғандығы, бас әріп таңбасының жоқтығы мәтінді дұрыс жазуға, түсініп оқуға кедергі келтіретіндігі сөз болды. Әсіресе «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттері жарық көре бастағанда, тыныс белгілерін қолдану әрекеті басталды. «Синтаксистік тұтастық» (период) деп аталатын мәтін сегменттерін(бөліктерін) айырып азат жолдан (абзацтан, жаңа жолдан) бастап жазу да осы кезде көрінді. А. Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде, ХХ ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ», «Айқап» газеттерінде кеңінен орын алды. Араб жазуымен ұсынылған мәтінде орын алмаған (және орын алуы мүмкін де емес) мәселе – бас әріптің қолданылуы болып қала берді, сондай-ақ дефис пен сызықшаныңқолданысы, оқшау сөздердің сөйлемдегі өзге сөздерден тыныс белгілерімен, көбінесе үтірмен бөлектетіліп көрсетілуі сияқты пунктуацияның жеке тұстары да әлі айқындалып, тұрақталмағандығы көрінді. Сөйтіп, нағыз ғылыми дәлелдермен орын алған үлкен тартыстан кейін 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Оның қолданылу тәртібі – орфографиясы 1929 жылы жеке талқыланып (Қызылордада өткен конференцияда), осы кезден бастап іс жүзінде қолға алынды: мектептер мен баспасөз және баспа орындары енді латынша жазуға көшті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет