1 дәріс. Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі теориялық-әдіснамалық аспектілері
Белгілі бір территорияда тарихи қалыптасқан басқалардан ерекше қылатын өз тілі , мәдениеті бар адамдар тоб – этнос деп аталады. Ал адамдадың психикасының этностық ерекшеліктерін этнопсихология қарастырады.
Этнопсихология – психология, әлеуметтану, мәдениеттану, этнология пәндерінің қиылысуынан туған пән.
Этнопсихологиялық зерттеулердің 4 бағыты бар. 1. Когнитивті процестерді зерттеу бағыты: әр этностың танымдық поцестерінің өзгешеліктерін зерттеу. 2. Мәдени құндылықтарды зерттеу: әр этностың мәдениетін және мәдени ескерткіштерін зерттеу. 3. Әр этносқа тән ұлттық өзіндік санасын зерттеу: әлеуметтік бағдар, этностардың бірі- бірімен қарым –қатынасын зерттеу. 4. Әр этностың әлеуметтенуін зерттйтін бағыт: этностың балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктерін зерттеу.
Этнопсихология тапсырмалары:
Нақты этникалық қауымдастықта ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттеу
Этностың ұлттық –психологиясының мотивациялық ерекшеліктерн зерттеу