61. 2017 жылғы 12 желтоқсандағы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.
Мембағдарламаны 2018-2022 жылдарда іске асыру басты бес бағыт бойынша жүргізілетін болады:
1. «Экономика салаларын цифрландыру»– алға бастайтын технологияларды және еңбек өнімділігін арттырып, капиталдандырудың өсуіне бастайтын мүмкіндіктерді қолдана отырып ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайту құру.
2. «Цифрлық мемлекетке өту»– халық пен бизнеске олардың қажеттіктерін алдын ала болжай отырып қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.
3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру»– деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
4. «Адами капиталды дамыту»– креативтік қоғам құруды және жаңа реалиялар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.
5. «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асырылған барлық іс-шаралар мен жобалар мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді, білім және денсаулық сапасын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды, еңбек өнімділігі мен ІЖӨ құрылымында кіші және орта бизнестердің үлесін артыруды мүмкін етеді
62. Н.Ә.Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты жұмысы 2017 жыл.
2021 жылы Қазақстан Республикасы өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Осыған байланысты еліміздің Тәуелсіздігі тарихын зерделеу, оны қазақстандықтардың жас буыны арасында дәріптеу қажеттілігі туындап отыр.
Жобаны жасау барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын негізге алынды. Тарихи публицистика жанрында жазылған кітап еліміздің жаңа тарихына және оның болашығына көз салған автордың көзқарасын көрсетеді. Кітапта тәуелсіз мемлекет құрылысының негізгі кезеңдері қарастырылған, дамудың «қазақстандық моделінің» мәні, әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның мерзімінен бұрын кіруі және 30 үздік елдің қатарына кіруге қарай өрлеуі көрсетілген.
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы 62 лонгридтен (31 қазақша, 31 орысша) тұрады. Лонгридтарда мультимедиа форматында қазіргі тарихымыздағы маңызды оқиғалар, республикамыздың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі кезеңдері көрсетілген.
Жоба ұлттық тарихты және қазақстан халқының мәдениетін дәріптеуге бағытталған, сондықтан да жоба тек мәтіндік материалдармен ғана емес, сонымен бірге аудио және бейнеконтентпен де әзірленеген. «Тәуелсіздік дәуірі» жобасы төрт бөлімнен тұрады:
I бөлім. Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991–1995 жылдар),
II бөлім. Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996–1999 жылдар),
III бөлім. Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000 – 2010 жылдардың басы),
IV бөлім. Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар).
Әр бөлім қазақ және орыс тілдерінде берілген. Интернет-ресурс қазақстандық қана емес, сонымен қоса шетелдік аудиторияны да қамтуды жоспарлайды.
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы жастардың патриоттық санасының қалыптасуына, ұлттық мәдениет пен тарихтың, қоғамдық сананың мақсатын, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың әлемдік аренадағы рөлін және қазіргі қазақстандық мемлекеттің жасампаздығын түсінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |