1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Есім ханның, Тәуке ханның, Абылай ханның қызметі-қазақ тарихындағы маңызды кезең



бет8/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Байланысты:
75 тарих жауап

10. Есім ханның, Тәуке ханның, Абылай ханның қызметі-қазақ тарихындағы маңызды кезең.
Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.
Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Есім хан – Қазақ хандығының негізін қа­ла­ған хандардың бірі – Жәнібек ханның ұр­пағы. Жәнібек ханның тоғыз ұлының бірі – Жә­дік сұлтан, одан Шығай хан. Ал Шы­ғай ханның ұлдарының бірі – Есім хан. Ортағасырлық тарихшы Қадырғали Жалайыр Шығай ханның үш әйелінен тоғыз ұлы болғанын жазса, тарихшы Т.И.Сұлтанов Шығай ханның он екі ұлы болғанын айтып, олардың есімдерін атап көрсетеді. Олар: Сейітқұл сұлтан, Ондан сұлтан, Тәуекел, Есім, Шахмұхаммед, Әли, Сұлұм, Ибрагим, Шахим, Кучук, Абулай және Бусайд. Шығай хан ұлдары ішінде танымал болып, жазба деректерде кездесетіндері бірнешеу. Сейітқұл сұлтан, Ондан сұлтан, Кучук сұлтан және Абулай сұлтан секілді Шығай хан ұлдарының есімдері XVI ғасыр­дың соңы мен XVII ғасырдың ба­сын­дағы қазақ тарихындағы әртүрлі оқи­ғаларда жиі болмаса да кездесіп отырады. Ал хан тағына келіп, қазақ елінің саяси тізгінін қолдарына ұстағаны екеу, олар – Тәуекел хан мен Есім хан. Есім хан – Шығай ханның он екі ұлының бірі, Сейітқұл сұлтаннан, Ондан сұлтаннан және Тәуекел ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық Яқшым бике(Жақсы бике болуы да мүмкін). Тәуекел хан екеуі бір анадан туған. Оның толық есімі – Есмұхаммед (Ишмұхаммед), бірақ жазба дерек мәліметтері мен ауыз әдебиетіндегі материалдарда, сондай-ақ тарихи әдебиеттерде Ишим, Ашим, Есим, Есім түрінде кездеседі.

11. Қазақтың дәстүрлі көшпелі мәдениетінің ерекшеліктері, батырлар мен билер институттары. Қазақ хандығының құқықтық актілері-мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірді реттейтін Ресми құжаттар.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған [[Ыдыс-аяқ|ыдыс-аяқтарын], бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан «Отырыкшы хальқтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты» деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазусызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды. XVIII ғасырда «батыр» сөзі екі түрлі мағынада қолданылған: біріншіден, батыр деп қарапайым халық арасынан шыққан – батыл, жауынгер, ержүрек адамды айтса, екіншіден жоғарғы тап, яғни хандар арасынан шыққан батырларды да атаған. Батырлар институты қоғамдық дамуында үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Ерте кезде батырлар белгілі бір руды, тайпаны басқарса, қоғамдық таптық жіктеліс туа келе батырлар феодалдана бастады. Осындай батырлардың әлеуметтік басымдылығы туралы Ш.Уәлиханов «Батыр қырғыздардағы ру басы, сұлтаннан кейінгі бірден-бір үлкен құрметті адамы, бұл ең беделді адам»-деп жазғанын Е.Бекмаханов өз еңбегінде айта келіп, XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ байларының, сұлтандарының «батыр» деген атақты өз лауалымдарына қоса айтатынын жазған. Оған мысал, Есет батыр-би, Абылай ханның кейбір жағыдайда Абылай Баһадур хан деп аталуы. Қазақ қоғамындағы батырлардың жоғары шен екенін А.Семеновта дәлелдеп, -«жалпы қазақтарда но бес шен болған, соның ең жоғарғысы баһадур» деп жазады. Батыр шені мұрагерлікке қалмайды, ол жеке бастың батырлығымен келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет