27. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты, негізгі бағыттары мен маңызы (таңдау) 28. Қазақстанның 1990 жылдары антиядролық әлемнің қалыптасуына қосқан үлесін бағалаңыз. 29. Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын сипаттаңыз 2017 жылдың сәуір айында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Елбасымыз жыл басындағы жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Мақалада жаңғырудың саяси реформа және экономикалық екі бағыты бойынша жұмыс жасалынатынын айтып өтті. Мемлекет басшысының ойынша Қазақстанның мақсаты айқын, бағыты белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елбасы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп жазады. Бұл дегеніміз ХХІ ғасырдағы тарихи кезеңде өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды бұзбай, дәстүрімізді ұмытпай жаңғыруымыз керек. Яғни, заман талабына сай өмір сүру, даму дегенді білдіреді. Бірақ осы жаңғыруда ұлттық сананы жоғалтпауды көздейді.Мақалада тұтас қоғамның және қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтеді:Бірінші бағыт «бәсекелік қабілет» деп аталады. Бұнда тұтас халық бәсекелестік қабілетке ие болуы керек, осы жағдайда «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.Екінші бағыт прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Яғни әрбір адам өзінен бастауы қажет, білімді болуға, мәдениетті болу, адамгершілік пен қарапайымдылық секілді қасиеттерді бойында сақтай білу. Елбасы прагматизм мен реализмді алдағы онжылдықтың ұраны деп санайды.