1.Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз


Көпэтносты Қазақстанда бейбітшілікті сақтау бойынша ҚХА қызметін көрсетіңіз



бет35/35
Дата28.04.2023
өлшемі126,77 Kb.
#87617
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
30. Көпэтносты Қазақстанда бейбітшілікті сақтау бойынша ҚХА қызметін көрсетіңіз. Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамта­масыз ету – мемлекеттік саясаттың ма­ңызды ба­сымдықтарының бірі, әлеу­меттік-эко­номикалық және саяси рефор­маларды жүргізудің негізгі міндеті болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары­ беделді халықаралық сарапшылар Қа­зақ­станның этностық және діни қақ­тығыстар салдарынан ыдырап кетуі мүмкін деген болжамдар айтқанын көп­­шілік ұмыта қойған жоқ. Збигнев Бже­зинский өзінің «Ұлы шахмат тақ­тасы» кітабында Қазақстанды «Еу­ра­­зия­­лық Балкандар», яғни, этно­кон­фессиялық сая­­си қақтығыстар салдарынан тас-тал­қан болып бөлінуі мүмкін ел­дердің қа­тарына жатқызған еді. Бірақ бұл пес­симистік болжамдар орындалған жоқ. Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігері халық­­тың бірлігін қамтамасыз етуге бағыт­талды. Бұл саясаттың өмірде іске асырылуы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінде көрі­ніс тауып, ол халықаралық тұрғыдан мойын­далды. Оның бірқатар айрықша ерекшелік­­терін атап көрсеткен жөн. Біріншіден, ҚР Конституциясында этносаралық және конфессияаралық қа­ты­настар саласын толықтай реттейтін нормалар бар. Ол «біз, Қазақстан халқы» деген сөздерден басталады, бұл әуел бастан-ақ елдің барлық азаматтарының ортақтығы идеясын білдіру үшін жа­зылған. Бұл ретте бізде аз ұлттар ұғы­мы қолданылмайды. Біз біргеміз, бір­тұтаспыз және үлкен ұлт немесе кіші ұлт деп бөлінбейміз. Негізгі Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі прин­­циптерінің бірі «қоғамдық келі­сім» деп жария етілді.нос­аралық қатынастар саласындағы тұ­рақтылықтың кепілі. Бұған мына фактілер дәлел болады: Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде тек ҚХА қызметіне қатысты мәселелер бойынша Конституцияға, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға екі рет тү­зетулер қабылданды. Президенттің 10-нан астам Жарлығы шықты. ҚХА-ның орта мерзімді кезеңге арналған (2011 жылға дейін) стратегиясы іске асырылды, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданды.Бұдан басқа, мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасы, «Этнос­аралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылға арналған бағдарламасы», бас­қа да құжаттар әзірленіп, іске асырылды. Яғни, этносаралық келісім мәсе­ле­лері мемлекет пен қоғамның бас­ты назарында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет