1.Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз


Қазақстанның ХІХ - ХХ ғғ. полиэтностық қалыптасуы мен оның салдары туралы өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз



бет31/35
Дата28.04.2023
өлшемі126,77 Kb.
#87617
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
сессия тарих

17. Қазақстанның ХІХ - ХХ ғғ. полиэтностық қалыптасуы мен оның салдары туралы өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
18. Жаһандану жағдайында тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын дәлелдеңіз
19. Тұңғыш Президенттің ҚР тәуелсіздігін дамытудағы қызметін көрсетіңіз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді.Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаң­ғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады. Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалып­тастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыс­тығын дәлелдеді.Оның шынайы егемендіктің негізін қа­лауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдық­та­рын анықтауға бағытталған көпқырлы қыз­метінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мем­ле­кет­тігі­міздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көш­басшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел болады.Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи фено­мені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға ие болған жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленеді.Нақты істерді атқаруды, барлық жүйеде орнықтылықты сақтауды, стратегиялық жос­парлау мен кезең-кезеңмен дамуды көз­д­еген Ұлт көшбасшысының мұндай праг­матикалық ұстанымы отыз жылға жуық уақыт ішінде еліміздің мемлекет құрып, таң­ғаларлық нәтижеге қол жеткізуіне мүм­кіндік берді. Қоғамның барлық саласындағы үздіксіз трансформация үдерісі мен маңыз­ды әрі жүйелі реформалардың арқасында дүниежүзі «Қазақстанның кереметі» жөнін­де айта бастады. Әрине, мұны жасаған да, авторы да – Нұрсұлтан Назарбаев.
20. Қазақстан Республикасында азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісімді бекітудің маңыздылығын дәлелдеңіз
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: «Көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс» дей келіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім екеніне тоқталғаны мәлім. Тәуелсіз мемлекетіміз өркениетті әлемге танылып, елдігіміздің берік іргетасы қаланып, қасиетті де киелі құндылығымыз – Тәуелсіздік халқымыз үшін жаңа өрлеу жолын ашты. Қазақ елінің кемел келешегі бүгінгі жастардың салиқалы, сабырлы, білім мен еңбекке құштар, рухы биік, ұлттық дәстүрге адал, жан-жақты жетілген азаматтық ұстанымы айқындалған өркениетті және патриоттық бағыт-бағдарды ұстануын талап етеді. Қазақ ұлтының ауызбіршілігі мен келісімі қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда маңызды. «Ел бірлігі – ең бірінші, қазақтың бірлігі. Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге, қазаққа керек. Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет