«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» (таңдау бойынша) Жолдауларының Қазақстанның жаңа тарихының қайнар көзі ретіндегі рөлі мен маңызын талдап, анықтау
4.«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» (таңдау бойынша) Жолдауларының Қазақстанның жаңа тарихының қайнар көзі ретіндегі рөлі мен маңызын талдап, анықтау. "Қазақстан-2050"Стратегиясы
2012 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы ұсынылды. Оның басты мақсаты - мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіруі. Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болуда. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын.Қазақстан өз алдына мынадай мақсаттарды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуде:
Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.
Бүгін 2050 жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезектегі міндеттерді Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өтті.
Осы міндеттерге сәйкес Үкімет шұғыл түрде 2013 жылғы жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірледі.
Осынау аса маңызды құжат нақты тапсырмаларды қамтуы және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары басшыларының дербес жауапкершілігін көздеуі тиіс. Президент Әкімшілігі оны дайындау және кейіннен іске асыру барысын ерекше бақылауға алуға тиіс.
Енді мен "Қазақстан 2050" Стратегиясының негізгі бағыттары туралы өз пайымдауымды алға тартқым келеді.
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау.
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары-әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік.
4. Білім мен кәсіби машық-заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары.
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.