1.Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз


-1991 жылдардағы қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметін салыстырыңыз (таңдау үшін)



бет33/35
Дата28.04.2023
өлшемі126,77 Kb.
#87617
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
сессия тарих

23. 1985-1991 жылдардағы қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметін салыстырыңыз (таңдау үшін)
24. Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін атаңыз
Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту және қоғамның оның жаңа императивтерін қабылдау арқылы жүргізіледі. Мұндай пікірді Арменияның Экономикалық зерттеулер орталығының басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ашот Тавадян білдірді.«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бұл - Қазастанның болашақ қоғамы дамуының жалпы көрінісі. Сананы жаңғырту - бұл қоғамның барлық мүшелерімен ажыратылатын бірегейлік, құныдылықтар және мәдени жадылар. Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту және қоғамның оның жаңа императивтерін қабылдау арқылы жүргізіледі. Аталған бағдарламалық мақаладағы жаңғырудың негізгі императивтері бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің жоғары құндылықтары мен білім және сананың ашықтығы болып табылады», - деді профессор. Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары ішінде білім саласының сапасын, бәсекеге қабілеттілігін және халықаралық ғылыми-білім кеңістікке тиімді ықпалдасуын қамтамасыз ету үшін көптеген жұмыс атқарылды. «Бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың басты жобасы ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ұсынылып отыр. Мақсат айқын - өз саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды ғана дамытып қою емес, сонымен бірге қазіргі заман мен болашақты жаңа түсінетін, өзгерістерге дайын, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тиімді үйреніп, қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру», - деді Ашот Тавадян. 
25. Қазақстанның әлемдік аренадағы халықаралық өкілдігін сипаттаңыз
26. ҚР-ның шет елдермен және халықаралық ұйымдармен дипломатиялық қатынастарын орнату және дамыту
Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет