17. Қазақстанның ХІХ - ХХ ғғ. полиэтностық қалыптасуы мен оның салдары туралы өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. 18. Жаһандану жағдайында тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын дәлелдеңіз 19. Тұңғыш Президенттің ҚР тәуелсіздігін дамытудағы қызметін көрсетіңіз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді.Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаңғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады. Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалыптастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.Оның шынайы егемендіктің негізін қалауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдықтарын анықтауға бағытталған көпқырлы қызметінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мемлекеттігіміздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көшбасшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел болады.Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи феномені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға ие болған жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленеді.Нақты істерді атқаруды, барлық жүйеде орнықтылықты сақтауды, стратегиялық жоспарлау мен кезең-кезеңмен дамуды көздеген Ұлт көшбасшысының мұндай прагматикалық ұстанымы отыз жылға жуық уақыт ішінде еліміздің мемлекет құрып, таңғаларлық нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Қоғамның барлық саласындағы үздіксіз трансформация үдерісі мен маңызды әрі жүйелі реформалардың арқасында дүниежүзі «Қазақстанның кереметі» жөнінде айта бастады. Әрине, мұны жасаған да, авторы да – Нұрсұлтан Назарбаев.
20. Қазақстан Республикасында азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісімді бекітудің маңыздылығын дәлелдеңіз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: «Көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс» дей келіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім екеніне тоқталғаны мәлім. Тәуелсіз мемлекетіміз өркениетті әлемге танылып, елдігіміздің берік іргетасы қаланып, қасиетті де киелі құндылығымыз – Тәуелсіздік халқымыз үшін жаңа өрлеу жолын ашты. Қазақ елінің кемел келешегі бүгінгі жастардың салиқалы, сабырлы, білім мен еңбекке құштар, рухы биік, ұлттық дәстүрге адал, жан-жақты жетілген азаматтық ұстанымы айқындалған өркениетті және патриоттық бағыт-бағдарды ұстануын талап етеді. Қазақ ұлтының ауызбіршілігі мен келісімі қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда маңызды. «Ел бірлігі – ең бірінші, қазақтың бірлігі. Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге, қазаққа керек. Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген».