1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы. 
1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз 
беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар 
Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл
губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. 
Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп 
орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына 
жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың 
жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады. Қазақстанға қоныс 
аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп 
қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді 
таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы 
екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде 
келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге 
шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола 
бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс 
аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. 
Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс 
шаруаларының жағында болды. Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға 
қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың 
әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей 
басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша 
Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер 
мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 
десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен 
міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. 
Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың 


ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер 
телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру 
мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.1889 жылы «Село тұрғындары 
мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы 
Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі 
мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. 
Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті 
адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы 
шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс 
аударуын тоқтатпады. Шаруалардың Қазақ даласына қоныс 
аударуы 1891жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ 
қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, 
Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық 
басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс 
аударуы одан әрі күшейе түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет