1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы. Ұлт-азаттық



Pdf көрінісі
бет7/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы. Ұлт-азаттық 
көтерілістер.
1816 жылғы Орта жүздегі хандық биліктің жойылуының себептері. 1810-
1866 жж. Қоқан, Хиуа және Бұхар хандықтарының экспансиясы. 1820 ж. 2000 
қазақ ауылын Мұхаммед Рақымның тонауы. 1822 ж. Сперанскийдің «Сібір 
қырғыздары туралы Жарғысы» және Орта жүзде хан билікті әлсірету 
мақсатындағы патша үкіметінің шаралары. Орта жүздегі хандық биліктің 
жойылуы. Орта Жүзді басқару орталығы. "1822 ж. Сібір қырғыздары туралы 
Жарғыға" сәйкес территориялық-әкімшілік өзгерістер. Округтердің құрылуы. 


Сұлтандар жағдайы (мұрагерлік қызмет, дворяндық титул). Сот жүйесіндегі 
өзгерістер. Дәстүрлі билер сотындағы өзгерістер. Салық саясаты. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы 
Қазақстан Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот 
реформалары. 
1867 жылы 11-ші шілдеде бекітілген «Сырдария мен Жетісу 
облыстарын басқару туралы ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген 
«Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже». 
Қазақстан территориясының 3 генерал-губернаторлыққа біріктіріліп 
басқарылуы. Генерал-губернаторлықтардың орталықтары. Уақытша Ережеге 
байланысты қазақ жерлері Ресей империясының меншігі. 1867-1868 
жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасының Астрахань 
губернаторлығына енгізілуі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша 
қазақтардың әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі. 
Реформа бойынша сот және салық жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 
жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформаларының 
енгізілуіне байланысты туған ұлт- азаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 
жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, 
Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже». 
Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының 
құрылуы. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік 
құрылымы. 1886 және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық 
буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле түсуі. Көшпелі және 
отырықшы тұрмыстағы халыққа белгіленген алым-салық пен 
міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот 
позициясының нығая түсуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет