зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі -1905-1907 жылдарда бірінші орыс
буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.XX ғ.
басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық ахуалға талдау жасаған
кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын
еркін аңғаруға болады: біріншіден, өлкедегі халықтың көп ұлтты құрамының
қалыптасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес салмағы
кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың
үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі
байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген
қоныс аударушылар мен отаршылдық әкімшілік пен кәсіпкерлікке
байланысты әлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық
аңғарылады. XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары
ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни тау-кен
өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның
ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-
кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып
жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында
мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-
кен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына
көшті.Ресейдегі 1905-07 жылдарда
өткен тұңғыш буржуазиялық-
демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден,
өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің
салдарынан
жұмысшы қозғалысы өрістеді.
Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала
жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ
ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-
әрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа
белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.1905-1907
жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы
қозғалысы өзінің саяси
дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары
Ресейдегі революциялық процестердің жалпы
барысымен тығыз байланысты
жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті.
Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907
жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды
кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа
да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады.
Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ
халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді.
1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен,
Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып,
азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". Сол кезеңдегі әкімшілік
орындарына түскен мәліметтердің бірінде: "Патша үкімдерінің
жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға
қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері қатысатын Мемлекеттік
Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан
айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы
шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазак сайланды. Олар: Ә.
Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. I Думаның көптеген
депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты
1906 ж. 8 шілдеде ол қуып таратылды. Сол жыльт тамыз айында II
Мемлекеттік Дума шақырылды. Оғаи Қазақстаннан 14 депутат сайланды,
оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш. Қощығүлов - Ақмола
облысынан, X. Нұрекенов - Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал
облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Аллабергенов - Сырдария
облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.Екінші мемелекеттік Думада
өлкенің социал - демократиялық ұйымынан барғам депутаттар қазақ
кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілердің ауыр
жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен
шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б. Қаратаев езінің мемлекеттік
Думадағы сөзіиде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруаларды
далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей
облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: