1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет39/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
Үшінші бағыттағылар
— қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. 
Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар 
бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру 
оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін 
емес деді. 
Келесі, 
төртінші бағытты
жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар 
қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән 
келтірді.
Ф.И.Голщекин Қазақстанға келгенде белгілі бір мақсатпен келген 
болатын.Индустрияландыру идеясын ұсына отырып,Қазақстандағы ауыр 
өнеркәсіптердің сласын тоқтатып,оның орнына ауылшаруашылығына 
байланысты ұсақ және орта кәсіп орындарын салуды ұсынды.Голощекиннің 
бұл саясатын тез түсініп қойған қазақтың алдыңғы қатарлы интеллтгенция 


өкілдері өз қарсылықтарын танытты.С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың 
отаршылдық бағытына қарсы күрестер жүргізді және осыған байланысты өз 
ойларын еркін,анық жеткізе алды.Голощекин келгенде бірден бас тартып,оны 
мойындамай,ойларын жоққа шығармақшы болды,бірақта басты күш 
Голощекин жақта болды. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың 
біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында 
тағы да С.Сәдуақасов тұрды. 
С.Сәдуақасов былайдеген еді : «Қазақстан отарлы ел болып келе жатыр,және 
солай отарлы ел болып қалады»,яғни айтпақшы болғаны,мақсаты ол Ресейдің 
отарынын шығып,алда дербес,тәуелсіз мемлекет болғанын қалауы болатын 
еді.
Индустриаландыру саясатының тек келеңсіз жақтары ғана емес сонымен 
қатар жақсы,пайдалы жақтары болды. Қазақстандағы индустрияландырудың 
барысы мен сипаты бойынша 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде 
басталатын бірінші бесжылдық жылдарында мына зауыттар,өнеркәсіптер 
қалпына келтірілгенболатын: 

Қарсақбай – полиметалл комбинаты; 

Риддер – полиметалл комбинаты;

Ембі – мұнай өндірісі; 

Степняк алтын.

Семей – тері, кірпіш өнеркәсібі; 

Гурьев балық консерві; 

Алматы жеміс консерві комбинанттары; 

Талдықорған қант зауыты; 

Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске 
қосылды.
Осы индустрияландыру кезінде,бірінші бесжылдық кезінде көптеген 
өнеркәсіптер ашылып,қалпына келтірілген,жанағы айтқан 
Риддер,Қарсақбай,Ембі,Степняк, т.с.с. және де : 

Жезқазған мыс қорыту 

Балқан мыс қорыту 

Шымкент қорғасын 

Қарағанды шахтасы 



Кенді Алтай түсті металлургия 

Ащысай деген сияқты өнеркәсіптер салынғанболатын. 
Негізгі және басым дамыған өнеркәсіптің саласы ол түсті металлургия (Кенді 
Алтай).Сонымен қоса көмір,мыс,алтын,химия кендері жақсы 
дамыды.Индустрияландыру жылдарында химия өнеркәсіптеріне де аса қатты 
мән берген,Республикамызда химия өнеркәсібі бойынша ең бірінші 
болып,тұңғышы болып – Ақтөбе химия комбинаты ашылған.Сонымен қатар: 

Шымкент химия – фармацевтика зауыты 

Арал сульфат 

Теміртау синтетикалық каучук 

Қаратау химия комбинанттары ашылған 
Сонымен қатар көптеген электр стансалары жұмыс істей 
бастады.Мысалға,Өскемен СЭС және Қарағанды ЖЭС,бұлар Ертіс өзенінің 
бойында салынған болатын.Осы стансалар арқасында электр қуатын өндіру 
1913 жылмен салыстырғанда 500(482) еседей артты.Жалпы статистика 
бойынша индустрияландыру жылдары мыңдаған жолдар салынып,600-650 ге 
жуық өнеркәсіптер іске қосылды. 
Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай 
шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын 
табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы 
кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды.
-
Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы 
геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес 
Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген 
тұжырым жасады.
-
Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ 
оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды 
пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға 
дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, 
Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, 
Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия 
комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптің 
жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар негізінен руда күйінде 
қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, 
өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізаттар ретінде 
орталықтағы ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтіліп отырды. 


-
Қ.Сәтпаев Жезқазғанды зерттеген. 
Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб 
темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу 
барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында 
темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды 
көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және Қазақстан мен 
Орта Азия байлығына қызығып отырған басқа да шет елдіктерді енгізбеуді 
көздеген саясаттың нәтижесінде дүниеге келген еді. Бірақ еліміздің батыс 
және оңтүстік-батыс бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты шығыс 
бөлігі арқылы Сібірмен қосу ісі аяқталмай қалған еді. Патша үкіметі кезінде 
көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды. 
Ол патша заманындағы Түркістан-Сібір темір жолы атауына қайта ие болды. 
Бұл жолды салу 1927 ж. қайта қолға алынып, оған екпінді құрылыс айдары 
тағылды. Орталық үкімет оған үлкен мән беріп отырды. 1928 ж. желтоқсанда 
БК(б)П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы 
мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста 
құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы 
мәселе талқыланды. Партиялық басшылықты нығайту мақсатында мұнда 
Солтүстік және Оңтүстік деп аталған екі аудандық партия комитеттері 
құрылды. 1929 ж. 3 мамырда КСРО ХКК Түрксіб құрылыс басқармасының 
есебін тыңдады. Кеңес үкіметі құрылыстың оңтүстік және солтүстік 
бөліктерін 1930 ж. аяқтап, 1932 ж. пайдалануға беруді қамтамасыз етуді 
тапсырды.Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. 
РСФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет 
құрылды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары 
Т.Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен 
құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының 
қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін 
көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің 
еншісінде көбірек болды. Соның нәтижесінде патша заманында тәулігіне 
орта есеппен 150 метр ғана салынатын 
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар 
арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты. Мәселен, Шымкент 
қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9, ал Балқаш 
зауыты елімізде балқытылған мыстың 51, Қарағанды бассейні көмірдің 90 
пайызын берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен 
Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұрды. Бұның бәрі, сөз жоқ, 
жұмысшылардың, соның ішінде қазақ еңбеккерлерінің, еліміздің жарқын 


болашағына ұмтылуы, өскелең ұрпағы үшін жақсы жағдай жасауға тырысуы 
арқасында жеткен жетістіктер еді. 
“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — 
саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-
әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы 
болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында 
Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды 
бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны 
болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан 
“Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин 
мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың 
ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік 
етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп 
көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, 
немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы 
мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы 
жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, 
керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар 
рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі 
болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны 
түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ 
байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден 
бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге 
орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың 
шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде 
басталды. 
Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және 
шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия 
конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 
319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл 
осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған 
орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді 
қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші 
Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген 
нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге 
мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және 
көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап 
күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 


жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” 
деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, 
жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі 
әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — 
шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына 
ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар 
қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, 
доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, 
арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар 
таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді 
соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды; Қосшы одағы жалпы 
алғанда қайта бөлуге қатысуда жеткілікті белсенділік көрсете қоймады, қайта 
бөлу төңірегіне кедейлер бұқарасын жеткілікті топтастыра алмады. Болыстық 
атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер қажетті белсенділік таныта 
алмады, қайта бөлу ауылдық кеңес аппаратында таптық бағыттың 
бұрмалануы орын алғанын анықтады. Кейбір ауылдық кеңестер төрағалары 
осыған байланысты орындарынан алынды”. 
“Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмаған Голощекин қолындағы билікті 
пайдаланып, халықты қырғынға ұшырататын жаңа, тікелей күшпен тәркілеу 
бағытын ұстай бастады. Бұл “Кіші Қазаннан” да қатерлі бағыт еді. Қазақ 
ауылына алапат аштық апаты жақындап келе жатты. 
Отырықшыландыру, тәркілеу: мәні, барысы және салдарлары. 1927 ж. 
ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге 
орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке 
жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші 
кезекке қоюға тырысты. Бұл, сөз жоқ, Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты 
қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Бірақ бұл бағытқа дем беріп 
отырған мәскеулік үкімет басшылары Голощекинді қолдаумен болды. Сол 
1927 ж. қарашада өткен V Бүкілқазақстандық партия конференциясы 
Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру 
қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 ж. 12 
желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан 
үкіметі 1928 ж. 4 наурызда “ҚАССР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді 
пайдалануды ретке келтіру туралы” арнайы қаулы қабылдады. Бұл қаулы 
қабылданғанға дейінгі жерге орналастыру екі кезеңмен жүргізілген еді. Ол 
туралы айта келе, белгілі тарихшы Т.Омарбеков біріншісі — дайындық 
кезеңі, екіншісі — оны жүзеге асыру кезеңі деп атайды. Төмендегі кестеде 
1927—1928 жылдары жерге орналастырудың жоспары берілген. 
Мұрағаттық құжаттардан алынған бұл мәліметтен бірлестіктер санының 
аздығына қарамастан, ең алдымен орыс қожалықтарының санын арттыруды 


көздегенін байқаймыз. Мұнымен қатар, БОАК-тың 1928 жылғы 29 
наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мөлшерден артық жерлерін 
кесіп алу көрсетілді. Осылайша Кеңес үкіметінің қазақ жерін отарлауы 
басталды. Бұдан кейін қабылданған шешімдер мен қаулылар патшалық 
Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының қайта тіріліп, кеңестік заманда 
жаңа бағытта жүргенін байқатады. Ол негізінен, интернационализм — 
барлық ұлттар мен халықтар теңдігі идеясын бетке ұстай отырып іске 
асырылды. Іс жүзінде ол орыстардың ғана мүддесін қорғап, қолдаған жалған 
интернационализм саясаты еді. 
1927 ж. қарашада өткен VІ жалпықазақстандық партия конференциясы 
байлардан мал мен мүлкінің бір бөлігін алуға мүмкіндік беру қажет деп 
есептеді. Кешікпей, желтоқсан айында, тәркілеу туралы заң дайындау үшін 
арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 ж. 27 тамызда “Байлардың 
шаруашылығын тәркілеу туралы” және 13 қыркүйекте “Тәркілеуге қарсылық 
көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі 
феодалдарды көшіру туралы” деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі 
шаруашылықтың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса, бау-бақша, 
ауылшаруашылық құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, 
жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы 
көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының қолымен 
жүргізілді. Осылайша қазақтарды бір-біріне айдап салу, өзара қырқыстыру 
әрекеті тереңдей түсті. Сөйтіп, дүние-мүлкін талан-таражға салу, өндіріс 
құралы мен негізгі тіршілік көзінен айыру қолға алынды. Дәстүрлі 
шаруашылық құрылымының күйреуі барысында басты күнкөріс құралы — 
малдан айырылған қазақтар әлеуметтік-экономикалық күйзеліске, жаппай 
қайыршылыққа бет бұрды. 
Голощекиннің саясаты. Голощекин жалпы Одақ көлемінде және Қазақстанда 
қалыптасқан өзіне қолайлы жағдайларды ұтымды пайдалана отырып, өз 
қарсыластарымен күрес барысында түрлі әдістерге барды. Солардың бірі ескі 
(салыстырмалы түрде — М.Қ.) революцияға дейінгі, анығырақ айтқанда, 
алаштық интеллигенцияға қоғамдық саяси күрестің түрлі құйтырқыларынан 
хабарсыз жас ұлттық интеллигенцияның келесі буынын қарсы қою болатын. 
Бұл әдісті 20-шы жылдардың басында жоғары билікке енді ғана араласа 
бастаған қазақ интеллигенттері өзара билік үшін күресте қолдана бастаған. 
Егер деректердің көрсетуіне сенсек, осы мезгілде толып жатқан түрлі топтар 
(меңдешевшілдер, сейфуллиншілдер, сәдуақасовшылдар т.б.) біріне-бірі 
алашордалықтармен байланыста болды сияқты айып таққан. Олардың 
арасында кезінде билікке қарсы әрекеттер жасаған алаштық 
интеллигенцияны ғайбаттап, жаңа өкіметтің Қазақстандағы өкілдеріне 
жағынып, қызмет бөлісуді көздегендер де бар еді. Басқаша айтқанда, ескі 
патшалық тәртіп тұсындағы болыстық үшін талас, енді жаңа жағдайда өзге 


сипат алды, рулық бөлудің орнын таптық бөлу басты. Тек ұлттық тұтастық 
негізде ғана шешілуі мүмкін жалпыұлттық міндеттер тағы да кейін шегерілді. 
Аға буын интеллигенцияның ескі империялық тәртіпке қарсы күресі өзіне 
тиесілі бағасын алу емес, тіптен оның бұл күресте жиған тәжірибесі де 
керексіз боп табылды. 
Билікте жүрген интеллигенцияның өзара бақастықта саяси күрестен 
аласталған алаштық интеллигенциямен байланысты көлденең тартуы, түптеп 
келгенде, оның өзіне бәле болып жабысқанын сезбей қалды, ал қоғамдық-
саяси күресте оның тәжірибелі қарсыластары қазақ зиялыларының бұл 
кемшілігін үлкен шеберлікпен пайдалана білді. РКП(б) Қазақ обкомының 
жауапты хатшылары Коростелев пен Нанейшвили түрлі топтар арасында 
тепе-теңдікті сақтау саясатын ұстанды. Дегенмен әр түрлі айлақорлықпен 
қазақ интеллигенциясын түрлі топтарға бөліп тастап, оларды өзара 
қырқыстырып қоюда ерекше “табысқа жеткен”, әрине, Голощекин еді. Ол 
қазақ интеллигенттерін ескі, яғни алаштық және жаңа, яғни кеңестік 
интеллигенция деп бөліп, соңғысын оңшыл және солшыл деп тағы да 
жіктеді. 
Халықтың тарихи жолынан хабарсыздық түрлі надандықтарға жол ашатыны 
мәлім. Мұндай кемшілік мемлекеттік қызметте бірнеше есе үлкейіп, 
қоғамдық дамуға аса зор кеселін тигізетіндігі де белгілі. Осы ойдың 
шындығын Голощекин қызметінен анық байқауға болады. Қазақ халқының 
тарихынан, ғасыр басындағы отарлық езгідегі ауыр халінен, рухани талап-
тілегінен мақұрым Голощекин, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов 
бастаған қазақ интеллигенциясының тарихи орнын тура, байсалды түсініп, 
баға беруге өресі жетпеді, тар, қарабайыр таптық, партиялық түсінік 
деңгейінде қалды. 
Кешегі тіс технигі, жүрдім-бардым алған білімі бар, феодалдық-
тоталитарлық жүйенің еркімен бүтін бір халықтың сорына “сеньорлық” таққа 
отырған Голощекин мемлекеттік қайраткерге де, ұлы ғалымға да, қатардағы 
азаматқа да, ортақ ШЫНДЫҚ деген ұғым бар екендігін, ал ол шындыққа 
топырақ шашқанға, халықтың, кәдімгі бұқара еңбекші халықтың қарғысы 
жаумай қоймайтындығы хақында ойламаса керек. Ал ол шындық 
тұрғысынан келгенде, өзі ғайбаттап отырған интеллигенцияның патша билігі 
тұсында да, кеңес билігі тұсында да қымсына-қымсына еркіндік, теңдік, 
ағайындық сияқты қарапайым, түсінікті және табиғи талаптан өзге қойған 
ештемесі жоқ екендігін түсіне алмады. Кешегі Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсыновтар қойған мәселелер кеңестік билік орнағаннан кейін де 
сынаптай бұзылып, қардай еріп кеткен жоқ-тын. Олай болса Т.Рысқұлов, 
С.Қожанов, С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлердің өмірге келіп, ұлттық 
мүддені жалау етіп, саяси күреске араласуы қоғамдық талаптан туған табиғи 


құбылыс болатын. Голощекин мен оның серіктері бұл құбылыстың да түп-
тамырына тереңдеп бара қойған жоқ, олай ету көп күшті, төзімділікті, 
уақытты қажет ететіндігі белгілі. Сондықтан да олар “ең төте және жеңіл” 
жолды таңдап алды, ал ұлттық еркіндік пен теңдік мәселесін тағы да қойған 
ұлттық интеллигенцияның келесі, жаңа буынын “Алашордашылар” деп 
жариялады. 
Голощекин мен оның еркін іске асырушылар қазақ ұлтшылдарын жазалауда 
орталықтағы әріптестерінен кем түскен жоқ, тіптен шет аймақтарға тән 
белсенділікпен асып түсіп жатты. Мәселен, құрамында А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, Ж.Аймауытов бар 20 адам алдымен ату жазасына кесіліп, 
соңынан бұл үкім 10 жылдық концлагерьге ауыстырылды. М.Жұмабаев, 
Е.Омаров және басқа 7 адам 10 жылдық, ал қалған 15 адам 5 және 3 жылдық 
мерзімге концлагерьге қамалды. Кесілгендердің біразы лагерьдегі ауыр 
жағдайға байланысты аман-есен орала алған жоқ. 
Голощекин алаштық интеллигенция ғана емес, өзі сенімсіз деп тапқан 
аппаратта жүрген қайраткерлермен күресін Қазақстаннан біржола кеткенге 
дейін тоқтатқан жоқ. Мәселен, осы мезгілде қызметтен босатылып астанадан 
аласталғандардың арасында Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков және басқа 
көптеген қайраткерлер бар еді. Бұлардың біразы өмірін қайғылы аяқтады. 
Бұл айтылғандар сталиндік биліктің Голощекин қолымен қазақ 
интеллигенциясына жасаған қиянатының үзік көрінісі ғана. Тек 
интеллигенция ғана емес, бүкіл ел басына түскен зұлматтың шын мәніндегі 
ауқымы анағұрлым кең әрі терең еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет