1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Индустрияландыру саясаты. «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты



Pdf көрінісі
бет38/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

26.
Индустрияландыру саясаты. «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты 
1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын 
индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға 
кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-
экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.Бұл 
қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп 
пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, 
асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен 


табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Бірнеше жылға созылған 
революция мен Азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі 
кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен кәсіпорындар қаңырап, иесіз 
қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері 
қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал — Ембі аймағындағы 
бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы 
түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен, Қазақстан 
экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның 
үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 85 пайызы тиетін және халықтың 90 
пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт 
аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — 
метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді.Қазақстанды 
индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар көп болды. Қазақстанды 
индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар 
арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгі төрт бағытына тоқталып 
өтейік:
Бірінші бағытты
жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа 
тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады.Бұл бағытты Голощекин 
мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір 
үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. 
Екінші бағыт
бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде 
пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы 
жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере 
отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды. 
Екінші бағытты жақтаушылар ой-тұжырымдарының тереңдігімен 
ерекшеленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет