1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ежелгі және ортағасырлар, жаңа



Pdf көрінісі
бет2/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

2.Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ежелгі және ортағасырлар, жаңа 
дәуір, қазіргі заман. 
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға 
болады: 
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының 
кезеңдері. 
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы. 
4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар. 
5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының 
қалыптасуы. 
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған 
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 
Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры).
"Тарихқа дейінгі" 
ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка 
және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар 
(олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу 
тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. 
Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған 
ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы). Төменгі палеолит 
ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың 
Солтүстік жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда 
жүргізілген зерттеулер және Ж.Таймағамбетовтың басшылығымен зерттеген 
экспедиция нәтижелері. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне 
ескерткіштерінің табылған жері. 
Мезолит (орта тас ғасыры). Дәуір ерекшеліктері.
Қазақстандағы 
мезолит дәуірінің ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек 
құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің 
археологиялық деректермен дәлелденуі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тас 
еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері 
жағалауларынан табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер. Неолит 


(жаңа тас ғасыры). «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден өнім 
өңдіруші шаруашылық түрлерінің қалыптасуы. Мал шаруашылығы мен 
егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қара үңгір 
тұрағы. Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. 
Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Мақанжар 
мәдениеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет