1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет55/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Тарих рк №1

 
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық 
ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) 
экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік 
болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау 
ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын 
алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер 
тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері 
жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. 
Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын 
жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың 
тиімсіздігін ашық айтып жүрді. 
Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға 
негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. 
Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты 
болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында 
реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта 
құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары 
болып бөлінді. 
Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, 
бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 
жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған 
жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім 
өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, 
басып озу міндеті қойылды. 
40. 1960-1970 жж. КСРО-ғы ірі өнеркәсіптің дамуына Қазақстанның 
қосқан үлесі. 
40. 1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес 
экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа 
шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше 
саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан 


кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар 
болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин 
бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай 
отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, 
өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды 
ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі 
кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру 
мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған 
түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы 
Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен 
бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң 
қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық 
басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР 
Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ 
КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың 
совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық 
салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су 
шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-
кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді. 
Ғылыми-техникалық прогресс. Бұл шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық 
дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп, 
экономикадағы хал-ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар 
калыптастырды. Мұндай қажеттілік 60-жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты 
экономикалық және ғылыми әлеуетке ие болған кезде пісіп-жетілді. 
Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12 сәуірде 
Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. 
Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның 
жетістіктеріне сүйенген ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың 
кажеттігін көрсетті. Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас 
Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» атты поэмасын жазды. 
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ғылыми-техникалық 
Комитет республиканың Мемлекеттік Жоспарлау комитетімен (Госплан) 
бірге өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады. Жаңа 
техниканы еңгізу жоспарлары әрбір кәсіпорында да түзілді. Асығыс түрде 
техникалық прогреске жәрдем- десу жөніндегі арнайы комиссиялар құрыла 
бастады. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру 
жоспарларының орындалуын бақылауға тиіс еді. Осы мақсаттар үшін 
ғылыми-техникалық коғамдар, конструкторлық бюролар, өндірістік кеңестер 
құрыла бастады. Өнертапқыштар мен жаңашылдар жұмысы серпінділік алды. 
Олардың қызметін жаңдандыру үшін сыйақы қоры құрылды. 


Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі - өндірісті 
электрлендіру деп танылды. Жұмыс істей бастаған Қарағандының 2-ГРЭС-і 
мен Бұқтырма СЭС-тері жоғарғы техникалық-экономикалық 
көрсеткіштерімен ерекшеленді. Ұзындығы 45 мың км-ден астам электр 
тасымалдаудын, жоғары қуатты желілері республиканы барлық бағыттар 
бойынша көктей қиып өтті. Салаларды техникалық жағынан қайта 
жарақтандыру көмір өнеркөсібінде де енгізілді. Көмір өндірудің барлық 
процестері негізінен механикаландырылды. Қондырғыларды автоматтандыру 
«Қарағандыкөмір» комбинатында 2700 адамды босату мен комбинат 
бойынша еңбек өнімділігін 6% арттыруға мүмкіндік берді. Екібастұз көмір 
кесіндісі ірі кен өндіретін кәсіпорынға айналды. Мұнда көмір әндіру ашық 
әдіспен жүзеге асырылып, жұмысқа қуатты экскаваторлар пайдаланылды. 
М.И.Калинин атындағы Шымкент ұсталық-сығымдау (пресс) қондырғылары 
зауытының, жұмыс технологиясы жақсартылды. Озық технологиялық 
процестерді дайындау мен оны өндіріске еңгізу үшін 1965 жылы Ащысай 
полиметалл комбинаты жұмысшылары мен республика ғалымдарының үлкен 
бір тобына Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Мұнай өндіру, 
мұнай өңдеу, іздестіру-барлау жұмыстарының технологиясы тұтастай 
өзгерді. Техникалық прогресс өнеркәсіптің басқа салаларын да қамтыды. 
Өнеркәсіптің даму қарқыны. Техникалық прогрестің негізінде республика 
үшін өнеркөсіптің жаңа салалары дами бастады. Республика титан, магний, 
синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар шығара бастады. 
Өскемен конденсатор және Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель 
зауыты тәрізді электротехникалық машина жасаудың ірі кәсіпорындары 
қатарға қосылды. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып 
қайта құрылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Маңғыстаудағы 
мұнай және газ кең орындарын игеру женінде ірі шаралар жүзеге асырылды. 
1965 жылы Өзен кен орны өзінің бірінші мұнайын берді. 
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі жаңа кәсіпорындармен толықты. Алматы, 
Шымкентте мақта-мата өнеркәсібі кәсіпорындары, ал Жезқазған, Семей, 
Ақтөбеде - тоқыма фабрикалары іске қосылды. Азық-түлік енеркәсібі 
көсіпорындары Жамбылда (қазіргі Тараз), Теміртауда өнім бере бастады. 
Бесжылдықта экономикалық күш-қуат едәуір өсті. Өндірістік корлар екі 
еседен астам артты. 
1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар 
техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті 
ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешуге ынталандырды. 
Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып, шаруашылық 
дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді 


экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей 
кәсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды. 
1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне 11 өнеркәсіп орны, 
оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент 
зауыты, Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың 
жаңа формаларына өткен көсіпорындар жоспарларын асыра орындай 
бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде шаруашылық 
жүргізудің мұндай формасына басқа кәсіпорындарды да көшіру жөнінде 
шешім қабылданды. 1967 жылдың соңында онымен 193 көсіпорын, яғни 
республикадағы барлык енеркәсіп орындарының 10%-ы жұмыс істеп, онда 
барлық жұмысшылардың төрттен бір бөлігі қамтылды, олар жалпы өнеркәсіп 
өнімдерінің үштен біріне жуығын өндірді. Келесі екі жылда 13 министрлік 
пен ведомство өз кәсіпорындарын шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесіне 
көшіруді толық аяқтады. 1970 жылға карай көсіпорындардың 80%-ынан 
астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді. Қолға алынған 
шаруашылық реформасы кәсіпорындар, құрылыс пен көлік жұмысын 
жандандыра түсті. 
1970 жылға қарай КСРО халық шаруашылығында көмір және темір кенін 
өндіру, болат балқыту мен қара металдарды прокаттаудың меншікті үлесі 
өсті. Республика қорғасын, мыс пен титан өндіруден бүкілодақтың өнімнің 
басым бөлігін берді. Сол уақытта мұнай өндіру мен химия өнеркәсібі жалпы 
одактық маңызға ие болды. 
Жаңа енеркәсіп аудандарының қалыптасуы мен дамуы, жаңа кең орындарын 
игеру жүзеге асты. Маңғыстау түбегіндегі мұнай кең орындарын игеру 
жылдамдатылған қарқынмен жүргізілді. Каспий теңізінің жағасында, 
Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласының жанында дүние жүзінде тұңғыш реәт су 
тұшытатын атомдық қондырғы орнатылды. Республиканың жеңіл енеркәсібі 
тез қарқынмен дамып, тек бес жылдың ішінде жеңіл және тоқыма 
өнеркәсібінің 14 ірі фабрикалары мен комбинаттары қатарға қосылды. 
60-жылдардағы өнеркөсілтің даму қарқыны республика қартасында жаңа 
қалалардың пайда болуына себепші болды. Жаңа қалалардың салынуы 
пайдалы қазбалар мен ірі кен орындарымен байланысты еді. Бұрынғы 
жұмысшы кенттері қалаларға айналды немесе Қостанай облысындағы 
Рудный қаласы, Маңғыстаудағы Ақтау қаласы тәрізді қайтадан тұрғызылды. 
Қала тұрғызуда шешуші рөлді әр түрлі ведомстволар атқарды. Пайдалы 
қазбаларды ендіру орындарында жұмыс істеу үшін елдің барлық түкпірінен 
жұмысшылар тартылды. Нәтижесінде республиканың демографиялық 
жағдайы бұрынғыданда қиындап кетті. Мәселен, 1959-1964 жылдары 
Қазақстанға жылына орта есеппен 64 мың адам келген болса, 1965-1975 


жылдары Қазақ КСР халық шаруашылығына басқа республикалардан 115 
мың адам келіп қосылды. 
Жас қалалардың құрылысын жылдамдатуды ведомстволар республиканың 
өзіндік ерекшеліктері мен ұлттық мүдделерді есепке алмастан жүзеге асыра 
бастады. Нәтижесінде олар сәулетшілік жағынан бір-біріне егіздің 
сыңарындай ұқсас болып, аймақтың географиялық және тарихи өзгешелігін 
мүлдем бейнелей алмады. Кептеген қалаларда экологиялық қорғау, өндіріс 
қалдықтарын өңдеу мен жою жөніндегі шаралар ойластырылмады. Ұзақ 
жылдар бойы өлеуметтік проблемалар шешімін таппай, адамдар оңдаған 
жылдар бойы баспана алуды күтумен болды. Бұның арасында жұмысшы 
табы санының өсуі одан әрі жалғасып, оның жұмыспен қамтылған халыктың 
құрамындағы үлес салмағы 1959 жылғы 47,9%-дан 1970 жылы 57,6%-ға 
көтерілді. Қызметшілердің үлес салмағы да өсіп, колхозшылардың саны 
қысқарды. 
Өнеркөсіптің дамуы мен мұнайлы аудандарды игеруге байланысты 
Қазақстанда темір жолдар қызу қарқынмен салынды. Бұл жылдары көліктің: 
әуе, су, құбыр, әсіресе, автокөлік түрлері дамыды. Автомобиль көлігінің 
материалдық-техникалық базасы нығайды. 1970 жылы Қазақстандағы тас 
тәселген автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 40 мың шақырымға 
жетті. Алматы, Жамбыл, Көкшетау, Ақмолада (қазіргі Астана) автомобиль 
жөндеу зауыттары салынды. 12 облыс орталығында жаңа автовокзалдар іске 
қосылды. Қаржының өсуі, қазіргі заманғы техниканы еңгізу байланыстың әр 
түрін дамытуға мүмкіндік берді. Қалалық, телефон станцияларының қызмет 
көрсету дәрежесі екі есе ұлғайды. Республиканың он облыс орталығы 
фототелеграф байланысымен қамтылды. Хат-хабарларды еңдеуді 
механикаландыру мен автоматтандырудың нәтижесінде хат, газет, 
журналдарды жеткізу елеулі жылдамдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет