Ақпаратты-есептеу жүйесі – бұл ақпараттық жүйе жобасын жұмыс істетуге арналған техникалық кешен.
Ақпараттық жүйенің құрылымы– бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы.
Ақпараттық жүйелер құрылымы бойынша функционалды және жабдықтаушы бөлімнен тұрады:
Схема1. Ақпараттық жүйе құрылымы
Мұндағы: 1-техникалық жабдықтау, 2-математикалық жабдықтау, 3-программалық жабдықтау, 4-ақпараттық жабдықтау, 5-құқықтық жабдықтау, 6-лингвистикалық жабдықтау, 7-ұйымдастырумен жабдықтау
Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі-бұл басқарудың мағыналы бөлігінен тұратын ішкі жүйелер жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы.
Техникалық жабдықтау–бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы
Схема2. Техникалық жабдықтау құрылымы.
Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған.
Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады.
Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады.
Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған.
Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді.
Техникалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру;
мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;
функционалды сенімді болу;
сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру;
программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |