4-дәріс. Жоба туралы түсінік және жобаларды басқару туралы мәліметтер. Жобалардың классификациясы. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі кезеңдері. Жоба – бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі.
Жобаның ерекше белгілері:
нақты мақсат;
ішкі және сыртқы өзара байланыс;
жобаның бекітілген басталу және аяқталу мерзімі;
шектелген ресурстар;
мақсаттың бірегейлігінің белгілі дәрежесі (жаңалығы);
орындалу үдерісінде әр түрлі шиеленістердің болуы.
Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы.
Жоба құрылымы- бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді: жұмыстың жалпы бағдарламасы, мақсат ағашы, ұйымдастыру құрылымы, штаттағы қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу матрицасы, ресурстарды бөлу ағашы, тәуекелдік пен құн ағашы.
Жобаны басқару функциялары: жоспарлау, бақылау, талдау, шешімдерді қабылдау, жоба бюджетін жасау және сүйемелдеу, жүзеге асыруды ұйымдастыру, мониторинг, бағалау, есеп беру, сараптама жүргізу, тексеру және қабылдау, бухгалтерлік есеп, басқару.
Жобаны басқарудың ішкі жүйелерінекіреді: жұмыстың мазмұны мен көлемін басқару, уақытты басқару, құнды басқару, сапаны басқару, сатып алулар мен жеткізілімдерді басқару, ресурстарды бөлуді басқару, адам ресурстарын басқару, тәуекелдікті басқару, ресурстар қорын басқару, интеграциялық басқару, ақпарат пен коммуникацияны басқару.
Жобаны басқару әдістерінің мүмкіндіктері:
жобаның мақсатын анықтауға және оның негіздемесін жүргізу;
жобаның құрылымын (ішкі мақсаттар, орындайтын жұмыстың негізгі кезеңдері) айқындау;
қаржыландырудың қажет көлемі мен көздерін анықтау;