орындалу мерзімінің жеткілікті және соңғы мәндері;
орындалатын жұмыстың құнының соңғы мәні;
ресурстардың жеткілікті өлшемдері.
Ақпараттық жүйелерді жобалау негізгі принциптері:
1. Декомпозиция қағидасы бөл және басқар принципіне сүйенеді. Бұл қағида модульдерге бөлу деген мағынаны білдіреді.
2. Иерархиялық реттеу қағидасы - күрделі есептер шешімін иерархиялық ағаш түріндегі құрылым ретінде беру.
3. Концептуалды қағида өмірлік айналымның барлық сатысында бір реттелген тізім түрінде болады.
4. Абстрактілеу қағидасы жүйедеегі өз функциясын ғана орындауға қатысты элементтерден тұратын модельді сипаттайды.
5. Қалыптандыру қағидасы - формальді тілдерде жүйенің мәселелерін шешу және сипаттауға әдістемелік тәсілдердің қажеттілігі.
6. Бірегей қағидасы - біртипті элементтерді әр түрлі модельдерді қолдану.
7. Логикалық тәуелсіздік қағидасы - физикалық түрде жүзеге асырудан тәуелсіз логикалық жобалауға көңіл бөлу.
8. Көпмодельді қағида жүйенің моделі өзара байланысқан ішкі элементтерден тұрады. Олардың әрқайсысы жүйенің құрылымын және жұмыс істеуін бейнелей алады.
9. Келісімдік қағидасы. Модельдің элементтері мен өздері бір-бірімен келісімде болады. Модель элементтеріне жатады: объектілер, модульдер, қолданушылар, байланыстар, т.с.с.
10. Инкапсуляция қағидасы (encapsulation - изоляция, шектеу). Бұл қағидаға сәйкес жүйе элементтері бір-бірінен жасырын түрде болады, қандай да бір деректерге шектеу қойылады.
11. Полиморфизм қағидасы (polymorph - көптік). Модельдің элементтерін тұрғызу принципі түрлі сыртқы формаларды және күйді қабылдай алады.
Жүйені жобалау мен талдау сатыларын максималды түрде автоматизациялау САSE технологияны қолданудың мақсаты болып табылады. САSE жабдықтар қабылданған шешімдердің сапасын қамтамасыз етуге және жоба құжаттарын дайындауға мүмкіндік береді.
Модель-қандай да бір программалау тілінде немесе графиктік түрде берілген және анықталған нақты нүктеге қатысты қарастырылған физикалық жүйенің абстракциясы.
Абстракция-басқа мән-мағынадан ерекшелейтін мән мағынаның сипаттамасы.Ол модельдің сәйкес элементінің сәйкес шекарасын анықтайды және класс-объект сияқты объектіге-бағытталған программалаудың негізгі түсініктерін анықтау үшін де қолданылады.