Жобаныбасқару әдістері: желілік жоспарлау және басқару, күнтізбелік жоспарлау, логистика, стандартты жоспарлау, құрылымдық жоспарлау, ресурстық жоспарлау, имитациялық модельдеу және т.б.
Жобаның басқарылатын параметрлері:
жоба бойынша жұмыстың көлемі мен түрлері;
құн, шегерілімдер, жоба бойынша шығындар;
уақытша параметрлер (мерзім, жұмыстың орындалу ұзақтығы мен резервтері, жоба кезеңдері мен фазалары, сонымен бірге жұмыстардың байланысы);
ресурстар мен шектеулер (адам, қаржы, материалды-техникалық);
Ақпараттық жүйелердің жобасы дегеніміз қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. Сонымен бірге, жоба нақты ұйымдастырушылық құрылымның бар болуымен сипатталады.
АнықтамаАқпараттық жүйелерді құру жобасы – шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені.
Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады.
Көрсеткіштер: жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;
жұмыстың еңбекөнімділігі (жұмыс көлемі);
жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны (орындалу үдерісі);