1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет79/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

Кейіпкерлері
Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.
Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
Қосым - Аянның досы. Өзінің "Тырнауық Қосым" деген атымен белгілі. Тырнауық дейтін себебі төбелескенде үнемі баж етіп бетті тырнайтын. Одан ауылдын көп баласы қорқатын еді. Оған тек Есікбай тік келе алатын.
Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.
Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .
Осы шығарманың басты кейіпкері Аянның прототипі Наухан Керімов боп табылады.Ол бүгінде Ескелді ауданының құрметті азаматы.


Қазақ солдаты — Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Алғашқыда 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған.
Қысқаша мазмұны- «Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет