1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


б) туған жер табиғаты Қ.Аманжолов



бет82/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92
б) туған жер табиғаты Қ.Аманжолов
Қасым Аманжоловтың азаматтық сарыны күшті, адамды сүю, оның ісіне қуану, қоғамға, қауымға пайда келтіру парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса көркем, тартымды.
Ақын үшін табиғат – жан досы, оның қымбаттысы. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, оның алдындағы азаматтық борышы. Мына бір өлеңіне назар аударайық:
Орамалым сенің қойныңда,
Ойнақтап өткен жылдарым
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғаным
Шағанның бойы көп шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс .
Шалқадан жату тек Қасымның ғана қолынан келетіндей. «Ойнақтап», «жарқылдап» сөздері лирикалық қаһарманның қуанышы ерекше екенін, оның өмірі әділет – қимылға толы екенін көз алдымызға әкелген. Асқан шабыт, қуанышқа толы. Өлеңде ғажайып сурет, табиғат сұлулығымен бірге, жаныңды үзіп, өзегіңді өртер үлкен қасиетті сезім, Отанға, туған жерге деген шынайы ыстық махаббат сезімі бар. «Байкал», «Атамекен», «Мен табиғат бөбегі», «Талғар», «Сарыарқа», «Ертіс», «Орал» сияқты өлеңдері өте шебер жазылған.
Сыршыл, суретші Қасым қандай тақырыпта жырласа да ойын жалаң айтпайды. Шебер ақын тілімен бейнелеп береді. Саяси лирикалардың өзінде де Қасымның бұрқыраған ақындық жалыны, жатық, оралымды тіл байлығы ерекше көзге түседі. Қасым өзі өскен қоғамдық ортаның туған жер мен елдің сыр-сипатын реалистік тұрғыдан жеткізіп ашып суреттейді. Ол шалқыған байлығы мол Отанның, туған өлкесі – Қазақстанның кең-байтақ, көркем бейнесін ерекше жылылық сезіммен жарқын елестете білді.
Сүйсінттім досты, ер жеттім,
Өртедім жаудың өзегін.
Қуатын бердің жер-көктің,
Советтік менің өз елім!..
...Ой жетер жерге көз жетті,
Арғысын және сеземін.
Жатырсың алып жер-көкті,
Советтік менің өз елім!
Мұндай лирикаларында ақын Отанына, туған жерге деген жалынды махаббатын тебіреніп, толғанып отырып айтады. Суретшіл, сыршыл ақын туып өскен, аралап көріп, қызықты шақтарын өткізген жерлердің, мекендердің тұлғаларын сондайлық жарастықты бейнеде: тамылжытып ән салып тұрғандай, жорға бидің ырғақты толқынындай, көңіл жайлауынан самал ескендей, көз алдыңнан ғажап сұлу дүниенің суреттері тізбектеліп өткендей тәтті сезімге бөлейтін алуан түрлі шеберлікпен сипаттайды.
«Ақын сені еріксіз жетелеп, торғын тұман жамылып, сансыз құсы ән шырқаған Байкал көлінің жағасына да, айнадай ашық, күміс көлді, жасыл орманды Көкшетауға да, тұнық суына шомылып, толқынымен ойнаған ерке Ертіс, сабырлы Жайық жағасына да, ай сәулесі ойнап, сыбдыр қаққан жапырақты, жасыл гүлді бақшаға да, сайларын сарнайлатып ән салып, құлпырып жайнаған егісті көктем даласына да, алтын астығы орылп, еңбек майданы қызып жатқан жерлерге де алып келеді. Сұлу Алматыны бірге аралатып, жастық шағын өткізген Оралға да қызықтырады»,- дейді ғалым Е.Ысмайылов Қасым Аманжоловтың «Туған жері» бүгінде әнге қосылып айтылып жүр. Туған жерге, елге деген құштарлық балалық сезім мұнда аса ыстық сезіммен шынайы бейнеленеді. Бұл – туған жерге кіндігінен байланған адамның жан сөзі. Оның лирикалық кейіпкері – туған даланың о шеті мен бұ шетіне жүгіріп, құмарын қандыра алмай, даланың көркіне көзі тоймай, жас балаша мәз болып жүрген қазақ ұлы. Қасым сол қазақ ұлының ерлік дәстүрін, өрлік мінезін, намысын жырлады.
Тербеліп толқынында ән сап өскен
Қайтып та сорлы болсын қазақ ұлы,-
деген еді «Ертіс» өлеңінде.
«Ақынның туған жер тақырыбына жазған өлеңдерінің мазмұнында жалпы Қасым поэзиясына тән өрлік, ерлік жатады»,- дейді академик С.Қирабаев Қасымның әскери лирикасы тек майдан өмірінің қатыгез шындығын суреттеуімен ғана емес, солдаттың жан сезімін, оның туған ел табиғатымен байланысысын ашуда да аса бағалы. Ол әскери өмірін Қиыр Шығыста бастап, содан қазақ жерін баса майданға аттанды. Осы жолдары оның бойындағы азаматтық, ақындық сезім «Байкал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Орал» сияқты өлеңдерінде айрықша көрінді. Ол табиғаттың әсем суретін адам сезімімен тұтастықта танып, лирикалық кейіпкердің арманы мен нәзік көңіл-күйіне, сағынышына, қиялына айналдырады. Адам мен табиғатты тікелей қарым-қатынасқа келтіреді.
Қасым өмір бойына туған жердің тамаша табиғатын жырлап өтті. Оның «Көкшетау», «Бурабай толқындары», «Жайық», «Сырдария аңызы», «Бетпақ дала», «Алматы» тәрізді өлеңдерінен де туған өлкенің бүгінгі гүл-гүл жайнаған бейнесін көреміз, ақынның ынтық лебізінен балқып, онымен қосыла сүйгендей боламыз. Сондай шалқыған шабытты жыр Қасым поэзиясында дәмді де ойлы да шырайлы лирикаға ауысып отырады.
Қазақтың ұлы ақындарының бірі – Қасым Аманжолов шығармаларын дәл бүгінгі егемен ел мүддесі тұрғысынан қайта оқысаң, оның сол тәуелсіздікті аңсап өткен арманын, заманынан оза шапқан қиялының биіктігі мен көрегендігін айқын көресің. Ақынның әр сөзі тәуелсіздіктің жырындай естіледі.Қасым – қазақтың ұлттық ақыны. Ол бүкіл жан-тәнімен, рухымен, ішкі сезім-күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын толықтырады, жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет