1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


ә) үлгілі адамдар өміріне құрылған шығармалар С:Бегалин



бет81/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
ә) үлгілі адамдар өміріне құрылған шығармалар С:Бегалин
Қазіргі кезде қазақ кеңес балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атаған болар едік. Сапарғали — балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, сонын тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы.Сапарғали Бегалиннін балаларға жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтағанда, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.Бірінші топ; «Сәтжан» (1947), «Көксегенін көргендері» (1948), «Бала мерген» (1956), «Алданған жолбарыс» (1956), «Тоятқан тауынан табылыпты» (1955).Бұл повестері мен әңгімелері аңшылық тақырыбына арналған. Туған өлкесінде, көбіне ауылда жүріп қызмет еткен Сапарғали жаратылыстың алуан түрлі байлығымен танысып, оның көркем көріністерін суреттеуге зер салады. Бұл ретте С. Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып Бүкіл одактық бәйге алған «Сәтжан» повесін ерекше атап өткен жөн.
1960 жылы жазуының көлемі 21 баспа табақ «Жеткіншек» атты таңдамалы әңгімелер жинағы басылды. Бес бөлімнен құралған бұл жинақтың әр бөліміне оның мазмұны мен идеясын анықтайтын жеке эпиграфтар берілген: «Күштінің күші — ақыл, ақылдын иесі — адам», «Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі», «Қағажу көрмеген жүрек — жалынды достықтын айнасы», «Ер еңбегі — ел мақтанышы», «Аңдамай айтсаң, алдыннан апат кездеседі». Осы эпиграфтар әңгімелерінің негізгі мазмұны мен мақсатын дәл көрсеткендей. «Күштінің күштісі — ақыл, ақылдың иесі — адам» дегенде, қандай жыртқыш, қандай күшті болса да, соның бәрін ақылмен жеңетін — адам. «Сәтжан» повесіндегі Сәтжанның образы дәл осындай әрекетті сипаттайды.Сәтжан мектепке оқи жүре бір жағы колхоздың бұзауын бағып, әсіресе аңшы атасы Серікбайға еліктеп күсбегі болуды аңсайды. Жазушы Сәтжанды қынжылуды білмейтін, кай нәрсеге болса да кызыға кірісетін және ойлаған мақсатына жетуді көбірек аңсайтын оптимист бала етіп суреттейді. Ол өсірген қыран құс бір каққан қабағынан барлық сүзіп көріп алғандай, сар-шегір де иесіне мақтанғандай алыс төңірекке такаббар ерлікпен көз салып, күйқылжып қарайды. Нағыз баукеспе алғырдың өзі болып шығады.Халықтық шығармаларда әр алуан табират құбылыстары мен оның дүлей күштері адамнан өктем, керемет те ғажап дүние ретінде суреттелетін. Оның үрей тудырарлық ғажап көріністерінен қорқып, оған жалынып, жалбарынып, сыйынуға дейін баратын. Ал Сапарғали әңгімелеріндегі аңшылық өміріне байланысты сурттелетін табиғат сұрапылдары мен табиғат кереметтерін зерттеу, игеру, адам оны өзіне бағындыру тұрғысынан көрсетіледі. Табиғат өз бойындағы байлығын еңбек еткен адамға ғана ашпақ. Қандай табиғат тағылары болса да үйретіп ала білетін ұлы қасиет тек адамда ғана болмақ. Табиғат тағыда қыран кұс — ителгіні үйретіп алған Сәтжан оған коянды да, қазды да, үйректі де, түлкіні де, қасқыр мен тау ешкісін де алдыра біледі. Бұл бала үшін үлкен өнер, бұл оны іскерлікке, икемділікке, алғырлыққа үйретеді. Екінші жағынан, тау қыранымен аң аулай жүріп, Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен, байлығымен танысады. Туған өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял қосады. Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді. Таңбалы тастан әр алуан суреттер мен әр түрлі тастардың табылуы жай нәрсе емес екені Сәтжанды үлкен ойға қалдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет