1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет89/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Р.Киплинг («Маугли»), Джозеф Редьярд Киплинг (ағылш. Joseph Rudyard Kipling) (30 желтоқсан 1865, Бомбей — 18 қаңтар 1936, Лондон), ағылшын жазушысы, ақыны және новеллашысы. Өз туындыларында қарапайым адамдардың, қатардағы жауынгерлердің ар мен сезім тазалығын, адамгершілік қасиеттерін, адал еңбегін шынайы суреттеді. “Қазарма жырлары” (1892), “Жеті теңіз” (1896), “Бес ұлт” (1903) өлең жинақтары, “Тау хикаялары”, “Рикша-аруақ” әңгімелер кітаптары (екеуі де – 1888), “Жарық сөнді” (1890), “Ким” (1901) романдары кеңінен мәлім. Жабайы аңдар арасында өскен адамның баласы Маугли туралы “Джунгли кітабы” (1894), “Джунгли жайлы екінші кітап” (1895) атты ертегілері балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Нобель сыйлығының лауреаты (1907). Киплинг шығармалары “Ертегілер” (1968), “Маугли” (1983; ауд. Р.Рақымбеков) деген атпен қазақ тілінде басылып шықты. Композитор А.Серкебаев “Маугли – менің бауырым” атты рок-опера-балетін жазды (1980, либреттосы Д.Нақыповтікі).
«Маугли» әңгімесі Киплинг жазушының әйгілі «Джунгли кітабы» жинағына енген, оның басты кейіпкерлері жануарлар. Бұл қасқырлар тобында өскен және джунглидің жабайы тұрғындарының арасында өмір сүрген бала туралы таңғажайып оқиға.
Маугли - қасқырлар өсірген адамның күшігі.
Қасқыр Ана, Қасқыр Әкесі, Сұр ағалар - Маугли тәрбиеленген қасқырлар отбасы.
Акела - қасқырлар тобының жетекшісі.
Балоо - ескі аю, қасқыр күшіктерін оқытушы.
Багера - мықты, қорықпайтын және өте айлалы пантера.
Каа - барлық сұрақтардың жауабын білетін ақылды питон.

Ш.Айтматов ( «Ақ кеме», «Ерте қайтқан тырналар»т.б.)
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.
«Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды. Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреаты.
1.Повесте ұрпақтар жалғастығы, сабақтастығы мәселесі баланың жүргізуші-солдатпен өзара әңгімесінде нақты көрсетіледі. Ата-бабалар шежіресін білу, жеті атаға дейін жаңылмай айту кейіпкерлердің мінез-құлқы және іс-әрекеті арқылы емес, өзара диалог арқылы беріледі. Бала әкесін де, шешесін де көрмеген, есіне түсіре алмайды. Бірақ әкесінің Ыстық көлде матрос болғанын біледі. Ал анасы әкесімен ажырасқан соң, баласын атасына қалдырып, өзі қалаға кетеді. Содан кейін одан бірде-бір хабар болмаған. Бала Ыстықкөлде жүзген ақ кеме ішінде әкесі бар екенін, оны көргісі келетінін армандайды. Жазушының «Ақ кеме» повесінде қосақабат өрілген екі сюжет бар. Бірі – баланың ақ кеме туралы ертегісі. Екіншісі – атасының, яғни Момын қарияның Ана-бұғы туралы ертегісі.
2."Ақ кеме" повесіндегі кейіпкерлер:бала,Момын-қария,Оразқұл,жұргізуші-солдат.
3.Жазушының «Ақ кеме» кітабында әдебиеттегі көне дәстүр – синкретикалық жанр байқалады. Атап айтқанда көркем туындыда ертегі, аңыз, тәмсіл, трагедия, фантастика жанрларының барлығы дерлік көркемдік тәсіл ретінде қолданылған. Суреткердің әр туындыдан кейін жаңа шығармашылық сатыға биіктегені көзге анық шалынады. Повестегі ақ кеме – жазушының белгілі бір меңзеуі, астарлы ойы, айтар сыры. Ақ кеме – баланың күте-күте аңсары ауып, санасын сарғайтқан белгісіз әкесі қызмет атқаратын мекен-жай іспеттес әсерде қалдырады. Әкесіне асыққан жас баланың аңсауы, сағынышы да ерекше аңғарылады деп білемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет