1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар әдебиетіндегі поэзия жанрының дамуы



бет91/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Балалар әдебиетіндегі поэзия жанрының дамуы.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Балалар әдебиеті ертеректе еуропалық кейбір елдердегідей арнайы салаға жүйеленіп жазылмауы мүмкін. Бірақ, сол халық, сол ұлттың мол рухани қазынасы аралас жүреді. Аралас жүріп те балғын бөбек, бүлдіршін жасты сұлулыққа құштарландыратын, отансүйгіштік, ерлік рухына ұмтылдыратын тәрбиешілік қызметін жасай береді. Қазақ балалар әдебиетінің де тағдыры да осыған ұқсас. ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы-тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған «Жалын» - жастар, «Балауса» - балалар баспаларының ашылуы, «Жалын» баспасы жанынан Балалар мен жасөспірімдерге арналған жылма-жылдық жабық бәйгенің ықпалы зор болды. Ал, «Балдырған», «Ұлан» - ежелден балалар әдебиетінің көрігі болды. Соңғы жылдарда жалпы қазақ балалар әдебиеті еңсесі түсіп кетті. Ал, қазақ балалар әдебиеті сыны да оның дамуына ықпал етерлік халде емес. Сондықтан балалар әдебиеті сынының дамуы мен балалар әдебиетін зерттеуші Қ.Ергөбектің еңбегін қарастыру мақаламыздың өзекті мәселесі болмақ. Қазақ балалар әдебиетіндегі поэзия жанрында еңбек еткен қаламгерлер қатарында Ө.Тұрманжановтан өзге М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, М.Жаманбалинов, Қ.Баянбаев, Н.Әлімқұлов, Ж.Кәрібозин т.б ақындар шығармашылығына сыншы Қ.Ергөбек әр жылдарда сын пікір білдіріп отырды. Сондай-ақ, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуына, өркен жайып жас талапты өзіне тартуына кезінде шығып тұрған «Балдырған» журналының ықпалы болғандығын әдебиет сыншылары түгел мойындайды. Әдебиет жанашырлары журналдың ашылуы үшін мақалалар арнап, қазақша балалар журналы қажеттігін күн тәртібіне қойған. Мысалы белгілі ғалым, сыншы Р.Бердібайдың 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Суретті кітапшалар жайында» деген мақаласында осы мәселені бірінші болып, көптің назарына ұсынады: «Сол журнал «Балдырған» болып ашылып, бала қажетіне жарап қоюымен бірге қазақ балалар әдебиетіне көптеген кадр әкеліп қосты. «Балдырған» журналын оқымай өскен қазақ мектебінде оқып білім алған бала жоқ деп ойлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет