1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Бастауыш сыныпта өтілетін балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары



бет90/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
93.Бастауыш сыныпта өтілетін балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары.


92 НІ ТОЖЕ БІРГЕ АЙТЫҢДАР ОСЫҒАН ҚОСЫП
Әлем халықтарының озық шығармалары өзінен ең алдымен бір асыл тектілік аңғарылады. Ақсақалды атамызды,ақ жаулықты әжемізді еске салады. Әлем халықтарының ертегілері баланы шығармашылыққа,тәрбиелілікке,өнегелікке баулиды.Әлем халықтары баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып,оған көркем шығармалар туындыларын жасады.
Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.Халық аңыздарын арқау ете отырып,”Джунгли кітабын” жазып,ең алғаш қасқыр асыраған үнді баласының таңқаларлық таңғажайып тағдырын әңгімелеп берді.Қаршадай кейіпкерінің есімімен “Маугли” атанған әңгімелер легінде бөрі бала туралы түрлі хикаялар шертілді.
Киплинг кітабының кейіпкерлері-аңдар,бірақ барлығы да адам тәрізді әрекет етіп,адам тәрізді ойлап,сөйлей біледі.Әлбетте,бұл ертегілерде болатын жәйт.Әйткенмен Киплинг әңгімелерінің ертегіден ерекшелігі-оларда аңдардың түр-тұрпаты,мінез-құлқы,тіршілік тынысы,қаракет қимылы керемет дәл әрі анық суреттелетіндігі сондай-біз сол аңдар туралы сан талай соны сырға қанығып,әрқайсысын өмірдегі қалпынан еш айнытпай көреміз.
Киплингтің бөрі бала туралы тамаша туындысы өткен ғасырдың сексенінші жылдары Рәшит Рақымбековтың аударуымен қазақ оқырмандарына да жетті. Бөрі бала хикаясы жастарды батылдыққа баулитын бағалы шығарма екні шексіз.
Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.

94.Балалар әдебиеті дамуының қазіргі проблемалары. Әдеби процесс ұғымы мен балалар әдебиеті процесінің даму жайы. Балалар прозасы, балалар поэзиясы, балалар драматургиясының даму жайы. Балалар әдебиетінің жанр, түр ж жағынан күрделенуі
Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы-тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған «Жалын» - жастар, «Балауса» - балалар баспаларының ашылуы, «Жалын» баспасы жанынан Балалар мен жасөспірімдерге арналған жылма-жылдық жабық бәйгенің ықпалы зор болды. Ал, «Балдырған», «Ұлан» - ежелден балалар әдебиетінің көрігі болды. Соңғы жылдарда жалпы қазақ балалар әдебиеті еңсесі түсіп кетті. Ал, қазақ балалар әдебиеті сыны да оның дамуына ықпал етерлік халде емес. Сондықтан балалар әдебиеті сынының дамуы мен балалар әдебиетін зерттеуші Қ.Ергөбектің еңбегін қарастыру мақаламыздың өзекті мәселесі болмақ. Қазақ балалар әдебиетіндегі поэзия жанрында еңбек еткен қаламгерлер қатарында Ө.Тұрманжановтан өзге М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, М.Жаманбалинов, Қ.Баянбаев, Н.Әлімқұлов, Ж.Кәрібозин т.б ақындар шығармашылығына сыншы Қ.Ергөбек әр жылдарда сын пікір білдіріп отырды. Сондай-ақ, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуына, өркен жайып жас талапты өзіне тартуына кезінде шығып тұрған «Балдырған» журналының ықпалы болғандығын әдебиет сыншылары түгел мойындайды. Әдебиет жанашырлары журналдың ашылуы үшін мақалалар арнап, қазақша балалар журналы қажеттігін күн тәртібіне қойған. Мысалы белгілі ғалым, сыншы Р.Бердібайдың 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Суретті кітапшалар жайында» (Berdibay, 2006: 161) деген мақаласында осы мәселені бірінші болып, көптің назарына ұсынады: «Сол журнал «Балдырған» болып ашылып, бала қажетіне жарап қоюымен бірге қазақ балалар әдебиетіне көптеген кадр әкеліп қосты. «Балдырған» журналын оқымай өскен қазақ мектебінде оқып білім алған бала жоқ деп ойлаймыз. Өзіміз соның әр санын асыға күтетініміз есімізде. Мұзафар Әлімбаев ақын осы журналды ұзақ 25 жыл басқарған. Сыншы Құлбек Ергөбек ақынның осы қызметінің өзі игілікті ұздаздықпен қабысып жатқанын дұрыс бағалайды. «Ол балалар әдебиетіне толассыз кадр тәрбиелеген «Балдырған» журналын өз қолымен ұйымдастырып, ширек ғасыр шымыр басшылық жасады. «Балдырған» балалар әдебиеті үшін оқушы мен жазушы арасындағы алтын көпір іспетті болғанын айтуымыз керек Балалар әдебиеті - әдебиеттің жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен терең байлыныста болды. Әдебиеттің бұл саласының тәрбиелік, танымдық, тағылымдық, қоғамдық мәндері айрықша, өйткені жас ұрпақтың өнегелі, тәрбиелі, білікті де білімді азамат, жеке тұлға болып қалыптасуы сияқты зор қоғамдық міндеттерді атқарысуға белсене араласады. Сыншы Қ.Ергөбек көпшілік сыншылар бара бермеген балалар әдебиетінің өкілдері туралы жазған. Олардың әрқайсысының өмірінің елеулі тұстарына, шығармашылықтарының ерекшеліктеріне тоқталып, әділ баға берген. Қазақ балалар әдебиетінің «жоқ» емес, «бар» екенін дәлелдеген сыншы. Әрбіреуі «осылай ма еді?» деген ойға қалдыратындай ақындарды танытуы - азаматтығы десек болар. Оған дәлел ретінде балалар ақыны Жақан Смақов туралы ойларын жүйелесек, ақын тұлғасы биіктеп шыға келеді. «Жақан Смақов - бесік жырынан бастап сәби құлағын үйретіп, қаз-қаз бастырып, жырмен тұсауын кесіп, ертегі тыңдатып, ертегі айтқызып, баланы мектепке ертіп апарған ақын. Оның әр жанр – алуан табиғатты өлеңдерінен сәбидің санатқа қосылу эволюциясы айқын аңғарылады. Адамзат болашағы – баланың қалыптасу жолын, қилы-қилы мінезін оның өлеңдерінен айқын көріп, жүздесіп, сырласып отырасың». Демек Жақан Смақовта жас баланың жас мөлшеріне лайық өлеңдердің бәрі табылады. Тек соны балаларға ұсынып, қажетке жарата білу керек. Сыншы Жақан Смақов өлеңдерін төмендегіше топтап, талдап көрсетеді: 1. Бесік жыры, 2. Жан-жануар, төрт түлік мал жайлы өлеңдері, 3.Ұйқасын тап, 4. Ойын өлеңдер, 5.Ән өлеңдері, 6.Ертегі, 7.Поэма. Осы сипаттас қазақ балалар әдебиетінде атын ерекше атауға болатын ақынның бірі-Мүбәрак Жаманбалинов. М.Жаманбалинов шығармашылығы туралы Қ.Ергөбек: «Балалар өлеңінің танымдық сипаты мол болуы керек. Айту оңай болғанымен, орындалуы қиын талап бұл. Сәл ірі айтсаң, өлеңді есейтіп жібереді, сәл сыбырлап айтсаң, балаға жетпей қалады. Мүбәрәк қиын күрмеуін өзінше шешіпті. Ол табиғат құбылыстарын жырлағанда, суреттей отырып, суыртпақтап ой айтады. Ол аң, құс, жан-жануарлар туралы өлең жазғанда, танымдық сипатты тәрбиелік оймен бір қосып жымдастырып жібереді. Және бір табысы - бірін-бірі байытар, бірін –бірі пән ретінде аша түсер екі құбылысты өзара шендестіріп, салыстырып бейнелейдІ. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі жайлы, жалпы әдебиеттану ғылымының кәсіптік деңгейі мен дамуына байланысты пікір айтқан қаламгерлердің алдыңғы сапында қазақ әдебиетінің көрнекті классиктеріА,Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов және тағы басқалар тұр. Олардан кейін Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, Ш.Ахметов, Ә.Тәжібаев, С.Қирабаев, М.Әлімбаев, М.Ғабдуллин, Ә.Табыддиев, Қ.Ергөбек, З.Серікқалиев және т.б. бүгінге дейін көптеген сыншы ғалымдар, ақын-жазушылар балалар әдебиеті жайында әр түрлі деңгейде пікір айтып келді. Ал балалар әдебиетін тікелей зерттеген әдебиетші ғалымдар да санаулы. Олардың қатарында Ш.Ахметовтің зерттеулері мен оқулықтары, С.Өскенбаевтың «Қазақ балалар прозасының даму тенденциясы» (1970 ж.), К.Нұғыбаеваның «Жетпісіншісексенінші жыддардағы балалар әдебиетінің кейбір мәселелері» (1984 ж.), Б.Ыбырайымовтың "Қазіргі қазақ балалар повесінің көркемдік ерекшеліктері" (1990ж.), К.Матыжановтың «Балалар фольклоры» (1990 ж.), Ә.Өтегенованың «Қазіргі балалар әңгімесінің көркемдік ерекшеліктері» (1992ж.) атты тақырыптар бойынша қорғалған каңдидаттық диссертациялары мен Б.Ыбырайымның «Қазіргі қазақ балалар прозасы жоне рухани-эстетикалық даму мәселелері» (1998ж.) атты докгорлык дисссртациясы, Б.Қапасованың "Қазақ өдебиетіңдегі балалар лирикасы» (2000ж), А.Ақтанованың «Қазіргі қазақ балалар драматургиясы» (2003 ж), Б.Ақыштың «Балалар прозасындағы жеткіншектер бейнесінің жасалуы (рухани әлем және адамгершілік мұрат)» сияқты каңдидаттық диссертацияларын атап өтуге болады. Қазақ балалар әдеби сынының дамуы немесе жекелеген сыншы еңбектерін қарастырған зерттеу еңбегі жоққа тән. Әсіресе, балалар әдебиетіне арнап сын мақалалар жазып жүрген сыншылардың еңбектерін зерттеген ғылыми еңбектер жоқ. Сондықтан қорыта келгенде айтарымыз, қазақ балалар әдебиеті сыны әлі де зерттеуді қажет етеді. Біздің мақаламызда сөз етілген сыншы Қ.Ергөбектің балалар әдебиетіне қатысты айтқан пікірлері әдебиеттану ғылымы үшін маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет