1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет6/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Эмиль Дюркгейм (1858-1917) өмірі Маркстың өміріне ұқсас болды. Алайда Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгейм Францияның ең таңдаулы университет - Сорбоннада профессор болып қызмет етті. Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Оның зерттеулері қоғамның түрақтылығын сақтауға және тұрақты қоғамның жеке адамдардың бақытты болуына көмектесетінін түсіндіруге арналған. Маркстың мұрасы - әлеуметтік конфликтер мен әлеуметтік өзгерістерді көрсететін теория болса, Дюркгеймнің мұрасы әлеуметтік түрақтылықты көрсететін теория болып саналады. Дюркгеймнің басты ойларының бірі - «әлеуметтік тұрақтылық - әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім болуын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлгіруіне себепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торға түскендей сезінеді. Ал аномиялық суицид еркіндік тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы жеке адамның ынталылығын ескермейді . Мысалы, қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жүмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір бақылауды сезінбейді . Дюркгейм әлеуметтанушылар арасында да белгілі, себебі ол - әлеуметтік өмірдің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін статистиканы пайдаланудың маңыздылығын айтқандардың бірі. Ол айғақтарға ғана сүйенетін бейтарап бақылаушы болуға тырысты. Әлеуметтану қалыптасқан ғылымга айналғаидықтан, әлеуметтік ғылымның стандартты үлгісі ретінде объективті бақылаудың бұл идеясы Маркстың әлеуметтік белсенділігін алмастырды.
Құрылымдық-функциялық теория
Құрылымдық-функциялық теория (немесе құрылымдық функционализм) әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады.Биолог ғалымжасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмысістейтінін (функциясын) анықтаса, қүрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың қызметін анықтауға тырысады. Құрылымдық-функциялық теорияның негізіндегі болжамдар барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмыс істейтінін зерттеуге мүдделі. Алайда құрылымдық-функциялық көзқарасты жақтайтындар негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет