1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет8/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó?à ê³ð³ñïå.?ëåóìåòòàíóëû? ?èÿë ?ëåóìåòòàíóëû? îðòà

Әлеуметтанулық зерттеу дизайны
Жоспар:

  1. Зерттеу мәселесі. Болжамдар.

  2. Айнымалылар. Іріктеу.

  3. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.



Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік жүйесі. Әлеуметтік зертттеулер — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.
Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
1. Мақсаты және теориялық бағдары.
2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды таңдау әдісі.
3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады.
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады.
Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.
Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.
Зерттеу барысындағы алғашқы қадам - зерттелетін проблеманы анықтау. Біз тақырыпты өз тәжірибеміз бен бақылауымызға байланысты таңдай аламыз. Мысалы, «афроамерикалықтар ақнәсілді америкалықтарға қарағанда, жұмыссыздық пен кедейлікке көбірек ұшырайды» деген тұжырымды алайық. Немесе осы тұжырымды негізге ала отырып, «мектеп пен жұмыстағы кемсітушілік салдарынан ақ нәсілді америкалықтарға қарағанда, афроамерикалықтар арасында жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі жоғары» деген болжамнан бастауымызға болады. Қандай жағдайда да алдымен зерттегіміз келетін нәрсе жайлы көбірек білу үшін басқа ғалымдардың зерттеулерін шолудан бастау керек. Егер сол проблема бойынша жақсы зерттеулер жүргізілсе және кейбір проблемалар жөнінде теориялық түсіндірмелер жасалған болса, онда зерттеуден күтілетін нәтижені гипотеза түрінде сипаттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет