1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Әлеуметтену жөніндегі теориялық көзқарастар



бет15/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó?à ê³ð³ñïå.?ëåóìåòòàíóëû? ?èÿë ?ëåóìåòòàíóëû? îðòà

Әлеуметтену жөніндегі теориялық көзқарастар:
Құрылымдық-функциялық теория
Барлық құрылымдық-функцияшылдық талдаудың алғышарты – Функционалды қоғамға оның барлық элементтерінің ортақ игілік үшін үйлесімді жұмыс істеуі. Бұл әлеуметтенудің құрылымдық-функциялық талдауына да қатысты.
Құрылымдық функцияшылдар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік мекемелер балаларды әлеуметтік өмірге еркін араласуы үшін әлеуметтендіреді деп санайды. Отбасында балалар өз-өзін ұстауды, мектепте уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім жасауды, жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйренеді.
Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеуметтену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Алайда осы теорияның сыншылары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру кезінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл – конфликт теориясы ғалымдарының көзқарасы.
Конфликт теориясы
Конфликт теориясындағы әлеуметтенуге қатысты көзқарас құрылымдық функционализмге кереғар болып келеді. Құрылымдық функционализм әлеуметтену барлық адамдарға пайда әкеледі десе, конфликт теориясы тек билік өкілдеріне ғана пайдалы деген болжам жасайды.
Конфликт теориясы әлеуметтану теңсіздікті арттыратын механизмдерді үдететінін баса көрсетеді.Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ата-аналар қыздарға қарағанда ұл баланы жоғары бағалап, балаларын соған сай тәрбиелейді. Әлеуметтенудің басқа пікірлермен келіспеуі мүмкіндігін, әлеуметтік өзгерістерді жоя алатынын және теңсіздік тудыра алатынын түсіну үшін конфликт теориясы пайдалы. Ал тұрақты әлеуметтік жүйенің туындауы мен артықшылықтарын түсіну үшін бұл теорияның пайдасы аз.
Символдық интеракционизм
Символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді талдауда екі негізгі ұғымға ден қояды, олар – «Мен» тұжырымдамасы мен рөлді қабылдау.
«Мен» тұжырымдамасы
Чарльз Хортон Коули (1902) символдық интеракционизмді өзін-өзі бағалауды дамыту тұрғысынан сипаттайды. Өзін-өзі бағалау – әрбір адамның өзін-өзі жеке тұлға ретінде тануы және қоғамдағы алатын орнына байланысты кім екендігін топшылауы. Коули бізді басқалар қалай деп қабылдаса біз де өзімізге солай қарауды үйреніп, өзімізді бағалауымызды дамытуды ұсынды. Ол мұны «мен» тұжырымдамасы деп атады. Коулидың көрсетуінше, «мен» тұжырымдамасын қалыптастыру үш қадамнан тұрады:

  1. сізді өзгелердің қалай қабылдайтынын елестетіңіз;

  2. тұлғаңызға қарап, басқалардың сіз туралы қандай ой түйетіні елестетіңіз;

  3. сіз бұл пайымдауларды саралап, қабылдайсыз не қабылдамайсыз.

Символдық интеракционизм теориясы субьективті пайымдауды «мен» тұжырымдамасының өте маңызды факторы ретінде қарастырады. В.И.Томастың классикалық тұжырымдамасында символдық интеракционизмнің осы алғышарты анық көрінеді: «Адамдар жағдайды нақты деп анықтаса оның салдары да нақты болады». Адамдардың басқалармен өзара әрекетке түсуі өзгелердің пікірі туралы субьективті пайымдауларына негізделген. Осылайша, басқалардың ой-пікірлерін дәл көрсете ме, жоқ па – субьективті пайымдаудан нақты нәтиже шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет